Қазақстан азаматы, өзге этнос өкілі Вячеслав Попов әлеуметтік желі арқылы баршаға мемлекеттік тіл – қазақ тілін 6 айда үйренемін деп мәлімдеме жасап, уәде еткен.
Ол өзінің қазақ тілін білмеуін надандық деп, оған ұялатынын айтқан. Өлімнен ұят күшті деген қағидаға жүгінген ол ел алдында сөз берді. Арада көп уақыт өткен жоқ, Слава өз сөзінде тұрып алғашқы қазақ тіліндегі видеожолдауын жария етті.
„Мен 14-наурызда қазақ тілін 6 айда үйренуге уәде беріп, декларация жарияладым„ деп басталады оның сөзі.