Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-24
USD
515
-10.00
EUR
545
-7.59
RUB
5.17
+0.03

“Мен маспын…”. Отандық әнші бейнебаянының тұсаукесерінде масқара болды (фото, видео)

144

3 мамыр күні Алматының орталығындағы мейрамханалардың бірінде әнші «Hey Yo» атты әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсаукесерін өткізді. Өзінің алғашқы жеке жұмысын паш етпек болған Луина мерекелік кешті басынан аяғына дейін ойластырып дайындалғаны байқалды.

Әншінің су жаңа бейнебаянымен арнайы құттықтауға өнердегі әріптестері мен жақын достары келді. Мереке иесі өз кезегінде, қуанышына ортақтасып келген көпшілікке асқан жомарттық танытты. Сыйлы қонақтарына қонақжайлығын барынша көрсеткісі келген әнші олардың алдына кальян мен түрлі ішімдіктерді қаптатып қойған.

 

Мерекелік шара кезінде болған шоу бағдарламаларда түрлі сый-сыяпаттар да ойнатылған.

Кеш барысында Луина жеке ән кешін өткізді. Кеш жүргізушісі әншіні ортаға жанды дауыста ән айтуға шақырған кезде, ол алдымен ішімдік ішіп алуы керектігін айтты.

 

Концерт барысында әнші «Мен мас болып қалған сияқтымын», – деп масайып қалғанын мойындады.

Оған қоса, бейнебаянының тұсаукесеріне қатты қуанған Луина жұлдызды қонақтарына көңіл көтеруді ұсынған.

«Достар, ішейік, көңіл көтерейік, билейік», – деп әнші барынша көңілді жүруге тырысты.

Мерекелік кешке еліміздің көптеген танымал жұлдыздары қатысты. Тұсаукесер көңілді би кешімен аяқталды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз