Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

„Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды„ деп айыпталған Төлешевтің ТМД елдеріндегі меншігі жария етілді

Осылардың арасында Гафур Рахимов пен Нозин Жұмаев Тоқтар Төлешевке Өзбекстандағы бірнеше кәсіпорынды бағындырып берген екен.

– Рахимов пен Жұмаевтың тікелей көмегінің арқасында Тоқтар Төлешев Өзбекстанда бірнеше коммерциялық нысандарды өзіне қаратып алған. Атап айтсақ, Тоқтар Төлешев «Шабыт» қонақүйін, лак бояуларын шығаратын зауыт пен «Ләззат» атты кондитерлік фабрикаға иелік еткен. Сондай-ақ, Өзбекпромқұрылыс банкінің ірі акционері атанған,- дейді Руслан Қарасев.

Қазақстан бойынша Тоқтар Төлешев «Шымкентсыра» ЖШС зауытының жай ғана директоры емес, басқа бірнеше ірі нысандардың да иесі болған.

Руслан Қарасевтің айтуынша, Тоқтар Төлешев шыны зауыты, Оңтүстік Қазақстан аграрлық одағы мен «Шымкент пикчерс» киностудиясы және өзге бірнеше кәсіпорын кіретін «Дархан» атты ірі холдингтің иесі және жетекшісі болған. Бұл холдингтің Ресейде, Қырғызстан мен Тәжікстанда филиалдары бар болып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз