Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік желідегі парақшалары тексеріліп жатыр

Департамент басшысының айтуынша, ондай жазбаларға мемлекеттік қызметшілердің түрлі кештердегі немесе өзге де орындардағы әдепсіз, мас күйіндегі, кальян және өзге де тыйым салынған заттарды тұтыну кезіндегі фото және бейнетүсірілімдері жатады.

Сонымен қатар деструктивті діни ағым ақпараттары бар жазбаларға “лайк” басу мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жазаға тартылуына әкеп соқтыруы мүмкін.

“Мысалға, наурыз айында мемлекеттік органдарға мониторинг жасалды. Оның барысында инвестициялар және даму министрлігінің, қорғаныс және әуеғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірқатар қызметкерлерінің аккаунттарынан мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін жекелеген материалдар анықталды.

Бұл жазбаларды өшіруге және аталмыш материалдарды жариялаған қызметкерлердің ісін тәртіптік комиссияда қарау жөнінде мәліметтер жолданды. Сәуірде жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің аккаунттарына мониторинг жүргізілуде”, – деді ол.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз