Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мемлекет БАҚ-қа зор қолдау көрсетті — Балаева

Бұл жұмыс бүгінгі күнге дейін сәтті жалғасып келеді. Осы мәселені Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өз баяндамасында атап өтті.

Оның айтуынша, ақпарат саласында сабақтастықты сақтап қана қоймай, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудың жүйелі тәсіліне ықпал ететін бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

– Бірқатар жаңа ақпараттық жобалар іске қосылды. Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында “Abai TV” телеарнасы өз жұмысын бастады. Мемлекеттік органдардың қызметі туралы халықты сапалы ақпараттандыру мақсатында екі портал іске қосылды: “Мемлекеттік БАҚ бірыңғай порталы” азаматтарға расталған ақпаратты дереккөзден алуға мүмкіндік берсе, “Мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталы” ақпараттың мәні мен халыққа пайдасын жеңіл тілмен түсіндіреді. Былтыр министрлік журналистердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ салалық журналистиканы дамыту курсын алды.

Қазір жоспарлар біртіндеп жүзеге асырылуда. 8 ақпаннан бастап алғашқы 50 журналист Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында медициналық тақырыпта мамандана бастайды. 15 ақпаннан бастап кемінде 50 журналист Л. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында дін саласындағы білімдерін жетілдіретін болады, ал 22 ақпаннан бастап тағы 50 журналистке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында экологиялық тақырып бойынша сабақтар басталады. Аграрлық, құқықтық, экономикалық және әлеуметтік-еңбек салаларындағы басқа да жоғары оқу орындарымен осындай жұмыс жүргізілетін болады, — деп атап өтті ведомство басшысы.

Балаева мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелері бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын, ал болашақта, мүмкіндік болса тіпті 2022 жылы “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” сапалы жаңа заңның қабылдануына атсалысатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз