Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
13
USD
476
+2.82
EUR
514
+5.03
RUB
5.4
0.00

«Меломан» тобының әншісінің әйелі 5 жыл таяқ жегенін айтты

Ғабит Бибасыұлының экс-әйелінің айтуынша, қаржылай тәуелсіз, декретте отырғандықтан табыс табуды үйреніп алған. Бұрынғы күйеуі мүмкіндігінше ақшасы артылса беріп тұрады екен. Алайда келіншекті соңғы кезде «алиментке беремін-ау» деген ой мазалап жүр. Себебі ауызекі келісім ештеңені шешпейтін көрінеді. Бәрін заң жүзінде жасағысы келеді. Сонымен қатар тұрмыста болған жылдарда күйеуінің қол көтергенін де жасырмады.

«Мен жеке парақшама шындықты жаза бастағанда ол кісінің туысқандары маған ренжіді. «Елге танымал өнер адамының атына күйе жақтың» деп айыптады. Сол кезде менің намысым мен арымды ешкім ойлаған жоқ. Бәрі балалы болғаннан кейін басталды. Мен жалған үмітпен өмір сүрдім. Адам өзгереді, отбасылық өмір осындай кезеңдерден тұруы керек деп қате түсінік таныттым. Бишімбаевтың ісін көріп отырып, қатты ауыр күйге түстім. Өйткені ешқашан өліп қаламын деп ойламайды екенсің. Соңғы кездегі соққыдан кейін, «мүгедек болып қалмаймын ба, менің кетуім керек» деген ой келді. Шапалақпен ұрдым дегенінің өзі – үш жұдырық», – дейді блогер.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз