Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мекемтас Мырзахметұлы: Орыстың мемлекеттік жүйесін Сұңқар атты қазақ жігіті құрған

155

Бұл туралы Qazaquni.kz басылымы жазды.

Профессор ұлт тарихына қатысты әлі күнге зерттеуді қажет ететін дүниелердің көптігін айтып өтті.

“Сізге бір ғана мысал айтайын. Болгар тарихшысы Киев Русін басқарып тұрған Сұңқар деген қазақ болыпты деген мәліметті тапқан. Оған Соколов, Станислав деген ат қойған. Ол сол елде тұрып, орыс қызына үйленген.

Ресейдің мемлекеттік жүйесін құрып, оны ел еткен де осы қазақ жігіті. Кейін бұл мәліметті жасырып қалу үшін Киевтің ұлы князі Владимир Мономах жазбалардың бәрін өшіріп, көзін жойып, орнына жалған құжат жасаған екен. Біз соған 1860 жылдан бері сеніп келдік. Сөйтсек бұл өтірік екен. Бұны Болгар тарихшылары айтып берді.

Мәскеуді 1088 жылы Асат Мосқау деген жігіт билеген. Мәскеудің халқы оны жақсы көрген, сондықтан оның атын Мәскеу дегенге айналдырып жіберген.

Сонда орыстың астанасының аты Мәскеу қазақтың есімінің құрметіне қойылған және орыстың мемлекеттік жүйесін Сұңқар деген қазақ құрған”, – деді ғалым.

Ал журналистің “Сіз айтқан деректі ғалымдар біле ме?” деген сұрағына ғалым: “Әрине, біледі деп ойлаймын. Көп уақыт өтпей-ақ бұл шындық та айтылатын болады” деп жауап берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз