Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
19
USD
487
+1.07
EUR
555
+4.08
RUB
6.26
-0.15

MEGOGO-да 10 спорт туралы фильмдер

Всё или ничего | IMDb 6.4

Бұрынғы кәсіби футболшы Пол Кру мас күйінде көлік айдағаны және келісілген матч үшін түрмеге түседі. Американдық футболдың жанкүйері болып табылатын түрме бастығы Полға күзетшілерге қарсы ойнайтын тұтқындар командасын жаттықтыруды ұсынады.

Түрмеден босап шығу немесе жаза мерзімін ұзарту бәске тігілетін бұл ойын нағыз шешуші матчқа айналады. Енді Крудың алдында үлкен таңдау тұр: өз басының пайдасын ойлау ма, әлде команда мүддесін қорғау ма?

Убойный футбол | IMDb 7.3

Син — кунг-фу шебері. Бұл жекпе-жек өнеріне жерлестерінің аса қызыға қоймайтыны оның жанына батады. Бірақ өз уақытында аңызға айналған футболшы Фэнмен кездесу бәрін өзгертеді: олар Шаолиньнің бұрынғы алты бауырынан футбол командасын құрады.

Басты мақсат — футбол алаңы арқылы өздерінің төл стилін қайта жаңғырту. Алайда оларды алда ойыншылары ғаламат қабілеттерге ие жергілікті бостың командасымен тартысты кездесу күтіп тұр. Шаолинь бауырлары бұл қиын жағдайда жеңіске жете алар ма екен?

Защитник | IMDb 7.1

Невропатолог дәрігер Беннет Омалу американдық футбол ойыншыларының жиі алған жарақаттарынан пайда болатын бас миының энцефалопатиясы атты жаңа ауруды анықтайды. Алайда Ұлттық футбол лигасы (NFL) жауапкершіліктен жалтару және өтемақы төлемеу үшін оның бұл тұжырымдарын үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Туынды спортшылардың денсаулығын қорғау жолында тұтас бір жүйеге қарсы шыққан дәрігердің шынайы өмірбаянына негізделген.

План игры | IMDb 6.2

Джо Кингман — американдық футболдың табысты, харизматикалық және өзіне сенімді жұлдызды ойыншысы. Алайда оның қамсыз бойдақ өмірі күрт өзгереді: бір күні үйінің табалдырығында өзі бар екенін мүлдем сезбеген 8 жасар қызы Пейтон пайда болады.

Енді Джоға жаттығулар мен ойындарды бала тәрбиесіне қатысты күтпеген сынақтармен қатар алып жүріп, әке болуды үйренуге тура келеді. Джо мансап пен әкеліктің арасында теңгерім тауып, ең бастысы — Пейтон үшін нағыз қамқор әке бола алар ма екен?

Невидимая сторона | IMDb 7.6

Режиссер Джон Ли Хэнкоктың бұл туындысы отбасысыз және ешбір мүмкіндіксіз қиын жағдайда қалған американдық футболдың болашақ аңызы Майкл Оэрдің өмір тарихын баяндайды. Оны өз бауырына басқан сүйкімді әрі мейірімді әйел, талантты дизайнер Ли Энн Туимен кездескен сәтте оның тағдыры күрт өзгереді.

Бұл батыл қадам олардың өмірін қалай өзгертпек және Ли Энннің бизнесмен күйеуі мен екі баласынан тұратын өз отбасының тыныштығына қалай әсер етеді?

Тот самый | IMDb 5.0

Бала күнінен аңызға айналған Исайя Уайттың жолын қайталауды армандаған жас әрі талантты квотербек Кэмерон Кейдтің өмір тарихы. Өз кумирінің жетекшілігімен жабық кешенде жаттығуға мүмкіндік алған Кэм даңққа апарар жолдың қатал сынақтарға толы екенін тез ұғынады. Енді бұл жолда оған адамгершілік пен жаңа аңыз мәртебесінің арасында қиын таңдау жасауға тура келеді.

Костолом | IMDb 6.4

Дэнни Миан — бұрынғы кәсіби футболшы және Ұлыбритания құрамасының экс-ойыншысы, тағдырдың жазуымен түрмеге түседі. Алайда темір тордың артында болса да, футбол бас кейіпкерді босатпайды.

Түрме күзетшісі Дэннидің досын соққыға жыққаннан кейін, ол тұтқындардан футбол командасын құрады. Ал түрме бастығы күзетшілердің жеңісіне үлкен бәс тігеді, өйткені ол өз адамдарының жеңілетініне еш сенбейді. Бұл тартыс тек қызықты матч қана емес, сонымен бірге құрмет пен әділдік жолындағы нағыз майдан даласына айналады.

Маменькин сыночек | IMDb 6.2

Бобби — өмір бойы екінші планда қалып қойған, футбол командасында қарапайым су тасушы болып жұмыс істейтін 31 жастағы ақкөңіл жігіт. Ойыншылардың бірімен күтпеген қақтығысы жаттықтырушының назарын аударған сәтте, оның үйреншікті әлемі астаң-кестең болады.

Боббидің бойындағы жасырын әлеуетті байқаған жаттықтырушы оған американдық футболда бағын сынап көруді ұсынады. Осылайша, Бобби өз өмірін өзгертуге және алаңға су бөтелкелерін тасып емес, нағыз ойыншы ретінде шығуға алғаш рет мүмкіндік алады. Бірақ оның ең жақын адамы — өз анасы бұған үзілді-кесілді қарсы болса, ол бұл батыл қадамды жасай алар ма екен?

Мы — одна команда | IMDb 7.1

Батыс Виргиниядағы шағын қалашықтың университеттік футбол командасы үйіне қайтып келе жатқан ұшақ апатқа ұшырайды. Туған қаласының мақтанышы болған барлық дерлік ойыншылар мен жаттықтырушылар осы қасіретті апаттан қаза табады.

Тұрғындарға осынау ауыр қайғыны еңсеруге көмектесу және олардың болашаққа деген сенімін қайтару үшін, кіші жаттықтырушы Джек Ленджиел өте күрделі міндетті өз мойнына алады — ол мүлдем жаңа команда жинауға кіріседі. Ол орны толмас қазаның мұңы мен айналасындағылардың сенімсіздігіне қарамастан, қаланың футбол рухын қайта жаңғыртып, жас ойыншыларды чемпиондыққа жетелеуге тырысады.

80 для Брэди | IMDb 5.9

Көп жылғы төрт құрбы өздерінің сүйікті «Нью-Ингленд Пэтриотс» командасына қолдау көрсету үшін Лиганың Суперкубогына аттанады. Олар — нағыз жанкүйерлер: ойыншыларды тек алаңдағы шеберлігімен ғана емес, одан тыс өмірі арқылы да жақсы таниды.

Алайда матчты тікелей стадионнан тамашалау туралы армандарына қауіп төнеді, өйткені билет бағасы тым қымбат еді. Кенеттен тағдыр күтпеген бетбұрыс жасайды: жергілікті спорттық радиостанция тікелей эфирде тегін билеттер ұтысын жариялайды. Қызықты жағдайларға, шытырман оқиғалар мен тосын сәттерге толы бұл күтпеген саяхат немен аяқталар екен?

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз