COVID-19 жұқтырушылардың жартысынан көбі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген.
Ресми деректер бойынша Нұр-Сұлтанда пандемия кезеңінде 29 306 науқас анықталған, оның ішінде 4 211 адам 2021 жылдың наурыз айында жұқтырған. Ауырып жазылған адамдардың саны 26 461 адамды құрайды және осы көрсеткіш бойынша елорда Қазақстанның барлық өңірлері арасында көш бастап тұр.
Антирекорд Алматыда да қойылды. 26 наурызда мұнда инфекцияның 450 жаңа фактісі анықталды. Алдыңғы максимум 19 наурызда орнатылды. Ол кезде 437 жағдай тіркелген.
Бұл өте жоғары көрсеткіш. Мұндай жоғары көрсеткіш қалада тек бір рет тіркелген.
Ол 2020 жылдың 8 шілдесінде болды — Атырау облысында 658 факті анықталды.
Алматыда осы кезге дейін COVID-19 жұқтырудың 32 087 жағдайы анықталды (Қазақстан бойынша ең көбі). Коронавируспен 26 334 адам ауырды (Нұр-Сұлтаннан кейінгі екінші орын). Бұл ретте тек наурыз айының өзінде республиканың ірі қаласында вирус жұқтырғандардың саны 7 мыңнан асты. Мұндай көрсеткіш республиканың 5 өңірін (Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстары) қоса алғанда да жетпейді.
26 наурызда анықталған COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 1485-ті құрады – бұл 23 қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бірақ
егер жыл басында теріс статистиканың негізгі “жеткізушісі” солтүстік өңірлер болса, қазір – мегаполистер.
Соңғы 2 аптада республикада короновирус жұқтырудың барлық жағдайларының шамамен 50%-ы Алматы мен Нұр-Сұлтанның үлесіне тиеді. 26 наурыздағы көрсеткіш – 54,9%. Бұл 2020 жылғы мамырдан бастап ең жоғары көрсеткіш.
Сонымен қатар, мынаны атап өткен жөн: