Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Медицинаның күйреуі: Қырғызстан шілде айының ортасында өлім-жітім көрсеткіші жоғары болады деп болжап отыр

353

Қырғызстанда қарапайым халық пен қолында билігі бар адамдар мен екі түрлі әлемде өмір сүріп жатқандай көрінеді. Алғашқылары дағдарыста, күйзеліс пен коронавирус індетінен арыла алмай күн кешуде. Ал екіншілері даму мен толық цифрландыру заманында, жаңа маңызды заң шығарып, ешбір қайғы көрмей шалқып өмір сүруде.

Бұрынғы президент 11 жылға қамауға алынды

Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жылға бас бостандығынан айырды. Оны қылмыстық топтарда белгілі Әзиз Батұқаевтың заңсыз босатылуына кінәлі деп таныды.

А. Атамбаев, Қырғызстанның бұрынғы президенті

Қырғызстандағылар басқалай болады деп күткен де жоқ, өйткені, Атамбаев өзі құрған тұзаққа түсіп қалды. Бұрынғы президентті қорғауға ешкім асығар емес. Әлеуметтік желілерде Атамбаевқа оның балалары ғана қолдау көрсетуде – жақында әкесінің партиясын басқарған Қадыр мен Сейтек қана сөз сөйлейді.

Атамбаевтың түрмедегі мерзімі өмір бойына бас бостандығынан айыру жасазына ұласып кетуі мүмкін — сарапшы

Атамбаев бір жыл бұрын Бішкекке жақын маңдағы Қой-Тәш ауылында өз резиденциясында ұсталды. Сол кезде бұрынғы президенттің жақтаушылары  пен милиция арасындағы қақтығыстан бір арнайы жасақ қаза тауып, көптеген азаматтар зардап шекті. Ол қамауға алынғаннан кейін ұзақ сот процесі басталды.

Жаза кесіліп, қанша жылға бас бостандығынан айырылатыны белгілі болғаннан кейін

Атамбаев мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырылды. Сондай-ақ көптеген жылжымайтын мүлік объектісі, зауыт, қойма мен жергілікті банктердегі шоттары да тәркіленді

Атамбаевтың балалары қандай қаражатқа саяси қызмет атқарып жатыр, әзірге түсініксіз, алайда олар парламенттік сайлауға қатысып, әкесін шығарып алуға ниетті. Бір кездері Қадыр мен Сейтектің басшылық еткен, «ҚӘДП» билеуші партиясына қолдау білдірушілердің саны күрт азайып кетті. Одан бұрынғы президенттің ең сенімді серіктестері шығып жатыр.

30 Маусымда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Алмазбек Атамбаевтың ауруханаға жатқаны туралы хабарлады. Коронавирус расталмағанымен, дәрігерлер екі жақты пневмония диагнозын қойды. Экс-президенттің туыстары оған қасақана коронавирус  жұқтырғанына сенімді. Бұл туралы олар ауруханаға жатқызылған күні мәлімдеді.

Жаңа премьер, ескі министрлер кабинеті

Маусым айының басында, эпидемияның нағыз өршіген тұсында Қырғызстанның премьер-министрі Мұхаммедқали Әбілғазиев радиожиіліктерді заңсыз сату туралы іс бойынша тергеудің басталғанына сілтеме жасай отырып, қысқа мерзімді демалыс алды. Экс-президентке қатысты аталған іс бойынша бұрынғы премьер айыпталушылар қатарына өтті.

15 маусымда Әбілғазиев кенеттен отставкаға кетті. Ресми хабарламада ол өзінің кінәсіздігі және індет жағдайында министрлер кабинетінің қызметін жалғастыру керек екені туралы мәлімдеді.

Премьер-министрдің орнын қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бірінші вице-премьер Кубатбек Боронов иеленді

Әбілғазиев өз қызметінде екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп, елдің ең талапсыз, бос белбеу саясаткері болды. Басынан бастап әлеуметтік мәселелерді шешуге қабілетті жоқ, өз бетімен әрекет ете алатын маман емес еді. Оның қызметі бұрынғы және қазіргі президенттердің соқтығысынан болған саяси дағдарыспен тұспа-тұс келді. Елдің эпидемиологиялық қауіптің алдындағы дәрменсіздігі біліктілігі төмен премьерге тағы бір соққы болды.

Цензура және сөз бостандығына қысым көрсету

Қырғызстан парламентінің депутаты Гюльшат Асылбаева «Ақпаратты манипуляциялау туралы» заңға бастама көтерді. Бұл заң «Интернеттегі цензура туралы заң» деген атпен көбірек танымал.

Гюльшат Асылбаева, ҚР парлементінің депутаты, сурет: vesti.kg

Депутаттың пікірінше, жалған аккаунттардың қызметі және әлеуметтік желілерде жалған ақпараттың таралуы ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді. Бұл құбылыспен күресуге депутат ең радикалды әдістерді: парақшаларды, сайттарды және басқа да ақпараттық ресурстарды бұғаттауды ұсынады.

Заң жобасы басынан бастап ресейлік дума қабылдаған, қоғамның өткір сыныына іліккен «Пакет Яровой» жобасына ұқсас болды. Құжатқа сәйкес, провайдерлер алты ай ішіндегі бүкіл трафикті сақтауға міндеттелді, бірақ қоғамдық тыңдаулар кезеңінде заңға өзгеріс енгізілді.

Барлық үш оқудан өткен заңның соңғы редакциясында да қате жеткілікті еді. Алайда әріптестерінің барлығы дерлік заңды қолдады, тек 10 депутат «қарсы» дауыс берді.

Заң бүкіл ел аумағындағы  көптеген наразылық қозғалыстарын біріктірді.

Қоғамдық қайраткерлер биліктің олармен келісіп әрекет етпейтіндермен күресуге  талпынағаны туралы мәлімдеді

Белсенділер Ақ үйге қарама-қарсы екі митинг өткізіп, заңды қайтарып алуды талап етті, бірақ ешнәрсеге қарамастан оны қабылдады. Енді олар азаматтық қоғаммен бірлесіп,  Президенттің заңға қол қоймауын және сөз бостандығын қорғауын сұрауда.

29 маусымда Бішкекте «Re’акция» бейбіт маршы өтті, оған екі мыңға жуық азамат қатысты. Жиналғандар «Біз құл емеспіз»,  «Гүлшат, мандатыңды тапсыр», «Вето» және т. б. деп айқайлауда.

Президент Сооронбай Жээнбеков осы заң бойынша шешім қабылдаған жоқ, бірақ ол күшіне енуі мүмкін, сол кезде наразылық білдірушілер қайтадан көшеге шығуға мәжбүр болады.

Осы жылдың күзінде болатын парламенттік сайлаудың алдында осындай бастама жасау өте күдікті болып көрінеді. Билік ақпараттық соғыста ойсырап жеңіледі. Шамасы, бұл басымдық алу үшін жасалған соңғы әрекеттер болса керек.

Екінші толқын…

Қырғызстанда барлық карантиндік шаралар 25 мамырда алынып тасталды.Ал бұдан кейін адамдар карантиндік шараларды сақтамай үйреншікті өмірге оралды. Алайда билік бірнеше рет азаматтарды сақ болуға шақырып, тіпті кейбір аудандарды жауып тастаймыз деп те қорқытқан.

Сурет: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Маусым айының басында вирус жұқтырғандар саны күрт артып кеткені тіркелді. Сол сәттен бастап тәулігіне 200-ден астам жаңа жұқтыру жағдайының анықталуы қалыпты болды.

Бүгінде Шу облысы мен Бішкектегі жағдай өте қиын. Денсаулық сақтау жүйесі барлық жұқтырғандарға қызмет көрсетуге үлгермеуде, ал коронавирус инфекциясын ерте диагностикалау бойынша колл-орталықтар демалыссыз жұмыс істеп жатыр.

Коронавирусқа тест тапсыру мүмкін емес. Зертханалар да бар мүмкіндігін іске қосқанымен, физикалық тұрғыда үлгермей жатыр.

Сонымен қатар пневмония жағдайлары өсуде. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай оқиғаларға қатысты ешқандай түсініктеме бермейді. Қазірдің өзінде ұлттық денсаулық сақтау жүйесі жеңілудің алдында деп айтуға болады.

Коронавируспен ауырғандар әлеуметтік желілерде күнделік жүргізуде, ал парақша оқырмандары түрлі емдеу әдістері бойынша кеңес беруде.

…және денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі ауруханаларда орын жетіспей жатқаны туралы мәлімдеді. Шұғыл түрде жаңа жедел жәрдем машиналары сатып алынып, медициналық оқу орындарының студенттері жұмысқа тартылады.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болғандардың санының артқаны байқалмайды, алайда тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, бұл уақытша жағдай. Шілде айының ортасында өлім-жітім көрсеткіші жоғары болады. Дегенмен, расталған жағдайлардың саны геометриялық прогрессиямен артуда. 2 шілдеде кезекті «антирекорд» — 500-ден астам жаңа жағдай тіркелді .

Ел билігі төтенше жағдай режимін қайта енгізуге әзірге себеп жоқ деп отыр. Алайда, енгізілген кейбір шектеулер негізінен қоғамдық көлік пен қоғамдық тамақтану орындарына қатысты. Қайта карантин енгізу үшін мемлекеттің халықты қолдайтын ресурстары жоқ, соның салдарынан нақты шаралар да қабылдай алмай отыр. Лимон мен зімбірді қосып жеп,  ыстық шай ішіп, өлместің амалын жасаңыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз