23 маусымда сот Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты 11 жылға және Азиз Батукаевты қылмыстық билікті заңсыз босатқаны үшін екі айға түрмеге қамауға үкім шығарды. Шығыстанушы, саясаттанушы Александр Князев бұл саясаткерді соттаған бір ғана эпизод, шын мәнінде тексеретін себеп көп деп есептейді. Сондықтан бұрынғы қырғыз президенті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
— Бұл мәселе 2019 жылы қолға түскен кезде пайда болды. Қазір қайта жанданып жатыр, себебі алаңдаушылық артып келеді: күзде елде парламент сайлау өтуі керек. Ол өте қызықты сайлау болады, себебі тұңғыш рет Президенттің басым партиясы жоқ. Басқа стратегия мен тактика бойынша сайланады.
Бірақ, менің ойымша,
Атамбаев тұрақсыздандырушы фактор бола алатын тұлға емес
Атамбаев қоғамда көңілінен шыға алмады.. Әсіресе, оның мерзімінің соңына қарай наразылар көбейіп кетті.
Міне, сондықтан ол өкілеттікті бейбіт түрде беру үшін мерзімінің соңына дейін отырды. Қоғамның сілкіністер мен төңкерістер жалығуы да рөл ойнады. Сондықтан да оны қолдайтындар көп болмады. Атамбаевтың саяси элитамен жұмыс істей алмауы да ықпал етті. Сонымен қатар достарын жауларына айналдырып, серіктес болатындарды қарсылас қылды.
Оған мерзімінің соңында қолдау білдіретіндер болмады.
— Қамалуы мен сотталуы туралы не ойлайсыз? Олар қаншылықты әділетті?
— Оған тек бір эпизод бойынша жаза кесті. Сот әстері ары қарай жалғасатын тағы бірнеше маңызды оқиға бар. ақыр соңында соның барлығы өмір бойы бас бостандығынан айыруға алып келуі мүмкін.
— Қырғызстанның қазіргі президентін оның өзі қойғаны белгілі. Бір қарағанда Атамбаевтың басына күн туғанда көмектесетін өз адамы бар секілді көрінеді.
—Атамбаев қайта сайлану үшін жұмыс істейтін қандай да бір тұрақты альянстар мен ойластырылған логикалық схемалар жасай алмайды. Оның мұндай істерде мүлдем қабілетсіз екені белгілі.
Есте сақтау керек,
Қырғызстан-Солтүстік пен оңтүстік арасындағы нақты руаралық бөлінісі бар қоғам
Сол себепті, Сооронбай Жээнбеков, оның отбасы, оның айналасы сайлау кезеңінде және инаугурациядан кейін біраз уақыт Атамбаевтың үстемдігіне ұшырады.
Бірақ Атамбаевтың саяси мінез-құлқы оның өзіне қатысты әрекеттерді тудырды. Барлық сот ісі жай ғана себеп. Мұндай себептерді осы елдегі кез келген саясаткерге қатысты табуға болады.
Атамбаев президент қызметінен кеткеннен кейін де, президенттік кезеңде де осындай себептерді жинап алды.
Қазір ол қылмыстық ортада беделі бар Батуқаевпен байланысы үшін сотталды. Бірақ
бұдан да басқа себептермен, мемлекеттік төңкеріс әрекеті, өткен жылы қорғанған кезде кісі өлтіргені үшін іс қозғалды. Бұдан да маңызды баптар бойынша айыпталды
Міне, мұның бәрі оның қолымен жасалған.
Меніңше, Сооронбай Жээнбековтің жағдайы қиын. Бұрынғы президентті жазаға тарту, оның үстіне ұзақ мерзімге соттау әдептілікке жатпайды. Ол әріптестері мен көршілес мемлекеттердің алдында ыңғайсызданады. Бұндай оқиғаларды ешкімнің ұната қоймайтыны анық.
Бірақ, екінші жағынан, аймақтағы оқиғалар бәрібір бірте-бірте ұмытылады. Атамбаевқа қатысты сотқа басқалардың қызығушылығы төмендеп кетуі мүмкін.
— Атамбаевтың нақты қай әрекеті халықтың көңілін қалдырды? Өз халқының көңілінен шығу үшін Қырғызстан президенті не істеуі керек?
— Бакиевтің кезеңіне қарағанда өзгерген саяси жүйеден көп нәрсені күтіп еді. Ақаевтың кезімен салыстыру қиын, барлығы оны естен шығарғалы қашан.
Атамбаев 2010 жылғы Сәуір айында болған революция кезінде келді. Бұл жылы Конституцияға өзгерістер енгізіліп, Парламенттің рөлі күшейді
Бірақ Парламентте де өздерінің пайдасын көздеген адамдар отырады. Президент те сондай әрекеттерге барады. Жаңа саяси жүйеге артқан үміт тез арада сейілді.
Адамдар жүйе көбінесе демократиялық, алқалы болады және қоғамды дамыту мүддесі үшін көбірек жұмыс істейді деп күтті
Сонымен қатар, халықтың басым бөлігі елдің Еуразиялық одаққа кіруіне үлкен үміт артқан. Атап айтқанда, бұл инвестиция, жаңа жұмыс орындарын құру, өнеркәсіпті қалпына келтіру. Ортақ нарық елдің дамуына әсер етеді деп сенген еді.
Бірақ іс жүзінде Қырғызстан бұған дайын болмады. Осы жылдар ішінде инвестиция деңгейі тек төмендеді. Адамдар өмірдің жақсарғанын сезінбеді. Перспективалар да пайда болған жоқ.
ЕАЭО-ға кіруден Қырғызстанға бір ғана пайда болды, ол – Ресей мен Қазақстандағы еңбек мигранттарының мәртебесі
Қалған позициялар бойынша Қырғызстан ЕАЭО ережелерін ел ішінде де және одақтың басқа елдерінде де қолдануға дайын болмай шықты.
— Біздің көршілеріміз ЕАЭО әлеуетін басқа елдерде қалай қолдана алар еді, түсіндіріп беріңізші?
— Мысалы, Қазақстанмен арада болған кедендік қақтығыс. Ол бір күннің ішінде пайда болған жоқ, Атамбаевтың мәлімдемесіне дейін де болған. Өйткені
бұл контрабандаға қырғыз элитасының қатысы бар, сондай-ақ басшылықтың та өз дивидендтері бар. Олар ештеңе өзгерткісі келмейді
Мұның бәрі адамдардың өміріне, олардың әл-ауқатына, табыс табуына бағытталған.
Сондықтан ештеңе өзгерген жоқ. Ал егер өзгерсе де жақсы жаққа қарай еш өзгеріс болған жоқ.
Сонымен қатар, Атамбаевтың мәдениеттілігінің деңгейі мен мінез-құлқы көптеген адамдардың шамына тиді. Саяси көшбасшы қабілеттерден, ымыраға келу, тепе-теңдікті таба білу қасиетерінен жұрдай еді.
— Бұрынғы президентке байланыстырмайтын болсақ, елдегі жағдай қалай өрбиді деп ойлайсыз?
— Қызықтың бәрі алда. Өйткені қазіргі президенттің басым партиясы жоқ. Ақаев, Бакиев, Атамбаев өз партиялары болды. Жээнбеков тұрған партия өз жұмысын тоқтатады. Қалай болғанда да, бұл партияның қалдықтарының парламентке өтуге мүмкіндігі жоқ.
Жээнбеков өткен уақыт ішінде өзінің жаңа партиясын құрып үлгермеді. Сондықтан ол бақылау орнату, өз мүдделерін енгізу, парламентте көпшілікті құра алатын бірнеше партияны қаржыландыру, конституция бойынша көпшілік коалициясын құру үшін жұмыс істейді.
Бұл күрделі схема және оның нәтижесінің қандай болары түсініксіз. Бұл жағдай Жээнбеков позициясын нашарлатты.
Адамдардың басым бөлігі бір күндік жалақы алады, бір күндік бизнеспен өмір сүреді, ресурстары жоқ және осының бәрі пандемия кезеңінде күрт тоқтатылады
Қазақстанда мемлекет ең болмағанда 42 500 теңгеге қолдау көрсетті. Бұл көмек өте тиімді жұмыс істемесе де, пайдаға асты. Ал Қырғызстанда мемлекеттен ешқандай қолдау болған жоқ. Экономиканы қолдау бағдарламалары да болмады. Бірақ күш құрылымдары тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық барлық шектеулерді күшейтіп, одан да үлкен ашуландық пен наразылық көңіл-күй тудырады.
— Қалай ойлайсыз, Қазақстанға қырғызстан президентінің қандай болғаны тиімді?
—Барлық ресми құқықтық келісімдер шеңберінде жұмыс істей алатын адам қажет.
Қырғызстан ауылшаруашылығы өнімдерін сертификаттауға бірнеше рет ақша алған. Бұл ақшаның барлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті
Бүгінде проблемалардың бірі– Қырғызстанның өнімді кейіннен Қазақстан аумағы арқылы өткізуі үшін толыққанды сертификаттай алмауы. Бұл шекарадағы қақтығыстардың себептерінің бірі.
Яғни
ереже бойынша жұмыс істей алатын президент керек