Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Медициналық дағдарыс экономикалық және саяси проблемаларды әшкере қылды — Әшімбаев

318
Данияр Әшімбаев, Facebook-тегі жеке парақшасынан алынған сурет

10 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінің алдына  жүйелік қателерді жоюды тапсырды. Мемлекет басшысы шенеуніктерге екі апта ішінде жағдайды түзететін шаралар қабылданбаса,  отставкаға кетесіңдер деді.

Екі күн бұрын Тоқаев Қазақстанда коронавирустың өршуіне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы кінәләған еді. Сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының топ-менеджерлері мен «СҚ-Фармация» ЖШС-ның атына да көпшілік алдында сын айтылды. Ескертулер айтылды, міндеттер қойылды. Басты мәселе —  шенеуніктер талаптарды орындай ала ма? Алдағы уақытта Қазақстандағы жағдай қандай болады? Саясаттанушы Данияр Әшімбаев осы оқиғаларға қатысты пікірін білдірді.

Министрлер кабинеті біреу, тапсырма көп

— Президент үкіметтің жағдайды реттеуіне екі апта уақыт берді. Қойылған талаптарды орындай алмаған жағдайда таратуға дайын. Мемлекет басшысының үкіметті таратуы қаншалықты дұрыс және әділетті, олардың орнына қоятын адамдары бар ма?

— Парламент демалысқа кеткеннен кейін, үкіметті тарататын болса күзге дейін елде уақытша билік жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Тоқаев медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» басшылығын жұмыстан босатуды тапсырды

Менің ойымша, қазіргі министрлер кабинетіне бір мезгілде тым көп міндет қойылды. Біріншіден, Елбасы өзінің сайлауалды бағдарламасын және «Нұр Отан» партиясын орындауды пысықтауды тапсырды. Қазіргі президент  те үндеу жасап, тапсырма берді. Үкіметтің ағымдағы шаруалары өте көп. Бұған Арыс, Кордайға қатысты оқиғаларды да қосыңыз. Біз көріп отырғанымыздай, кабинетке біршама жұмыс жүктелген.

Қазір бұл ағымдағы шаруаларға карантинге байланысты басқа да міндеттер қосылды, бұндай жағдайда стратегияларды жасау өте қиын. Менің ойымша,

денсаулық сақтау саласында таңдалған стратегия қате болды. Денсаулық сақтауды коммерцияландыру, медициналық сақтандыруға көшу,

ауруханаларды, ҒЗИ мен емханаларды жекешелендіру — артық шаруа. Ел карантинге техникалық тұрғыдан дайын емес екені белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығы көп қате жіберді. Басшылықтың ауысуы – жақсы жаңалық, бірақ қазір денсаулық сақтау саласында одан әрі не істеу керек екенін жан-жақты талқылау керек. Бұрынғы қате жоспарларды орындау қиындықтан шығар жол емес.

Мемлекеттік басқарманың осал тұстары

— Тек денсаулық сақтау саласына қатысты сын айтылған жоқ қой?

— Мемлекеттік басқару жүйесін тексеру керек. Көптеген бюджеттік және мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, бірақ орындалуы жағынан ақсап тұр. Жүйелік бақылау жоқ. Есеп комитеті әдемі есеп береді, бірақ жыл сайын бір нәрсені қайталайды. Бұл сапасыз жоспарлау, мақсатсыз қаржыландыру, квазигоссектордағы қаржы ағындарын сапасыз бақылауға да қатысты.

Сандар, министрліктердің, мемлекеттік холдингтердің атаулары өзгереді, ал жүйелік проблемалар сол күйінде қалады

Егер бұрын бюджеттік бағдарламалардың паспорттары секілді қандай да бір бақылау болса, қазір ештеңе жоқ. Ақшаны қандай да бір көрсеткішсіз игеру жүріп жатыр. Паспорттар жойылды, барлығы министрліктердің иелігіне өтті. Миллиардтар оңды-солды бөлінгенмен,  бұл қозғалыстан еш пайда жоқ. Квазимемлекеттік сектордағы басқару да өзгермейді. Сол ҚМГ қарызға белшесінен батқан, барлық тапқан пайда оларды өтеуге кетеді.

Біртановтың отставкасы: Денсаулық сақтау министрлігі барлық мүмкін қателіктерге жол берді — Әшімбаев

«СҚ-Фармация» сияқты операторды құрудың ақыры сыбайлас жемқорлыққа әкеліп, дау-дамаймен аяқталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру да МӘМС жолымен кетіп, еш нәтижесін көре алмадық. Яғни, тұтастай алғанда, бүкіл жүйе қандай да бір нақты бақылаудан, қалыпты даму стратегиясынан айырылған, нақты міндеттер қойылмаған.

Денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, экономика, әртараптандыру, шағын бизнесті қолдау салаларында бағдар жоқ. Осының барлығының, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын президент әкімшілігі бақылауы тиіс, өйткені үкімет – атқарушы орган. Ол өз-өзіне стратегияны ойлап шығармайды.

Менің ойымша, қазір

бар кінәні үкіметке жабудың қажеті жоқ. Қазіргі проблемалар шоғырын үкімет барынша шешуге тырысуда

Жаңа денсаулық сақтау министрінен жауап алуға әлі ерте. Қазіргі жағдайда да  жоспарлаумен айналысудың өзі де өте қиын. Ол қазіргі проблемалар шоғырын шеше алса жақсы. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет министрлігі мен олардың жұмысын жалпы үйлестіру саласы проблемадан көз ашпай отыр. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің ең осал тұстары.

Қоғам  іріктеуді талап етуде

— Президент денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшылығын сынға алғанда нені айтқысы келді? Алда жаңа жұмыстан босату мен тағайындаулар бола ма?

— Қоғам іріктеу жүргізуді талап етіп отыр. Билік бұған тиісінше жауап қатуы керек. Ең болмағанда тексеру жұмыстарын жүргізген жөн. Ол Алматының бас санитарлық дәрігерімен болғандай, немқұрайлы болмауы керек. Қазір жаңа тағайындаулардың қажеті шамалы,  кінәлілерді тауып, оларды тәртіптік жазалау қажет.

Ең бастысы – жүйелік проблемаларды шешіп, оларды шешу жолын түсіну. Әйтпесе «Хоргос» оқиғасы қайталанады. Қаншама адам қамауға алынғанмен, пробеманың шешімі табылған жоқ

Ақыр аяғында сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін емес, пайдалы орындарды өз бақылауын алу үшін қамауға алынғандай көрінді.  «СҚ-Фармацияға» қатысты да сол оқиға қайталанды. Қанша басшы түрлі даулы мәселелердің себебінен жұмыстан босатылғанымен жұмыс істеу принципі өзгерген жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің 40 ескі аурухананы бұзу және 16 заманауи аурухана салу жоспары туралы қаншама мақала жазылды? Бірақ министр, бейінді вице-премьер, Президент әкімшілігі деңгейінде де бұл ұсынысқа саяси баға берілген жоқ. Ал ол  халық биліктің жауапкершілікті өзіне алып, жағдайды түзеп жатқанын түсінуі үшін қажет еді. Президент жүйелік қателіктерді атап өтті, бұның өзін жақсы қадам деуге болады.

Дәрігерлер үнсіз қалды

— Бұндай жүйелік дағдарыста жаңа тұжырымды кім дайындай алады?

— Денсаулық сақтаудағы эпидемия мен жүйелік қателер мәселесі бірнеше ай бойы айтылуда. Неліктен өңірлік денсаулық сақтау басқармалары басшыларының және ауруханалар мен медициналық ҒЗИ бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнеконференция түрінде үлкен республикалық кеңес өткізбеске? Бізде денсаулық сақтау жүйесінде жоғары білікті мамандар аз емес.

Президент немесе премьер деңгейінде тікелей эфирде осындай кеңес өткізіп, проблемаларды анықтап, оларды қалай шешу керегін белгілеу қажет

Мен денсаулық туралы кодекс бойынша парламенттік тыңдауларда болдым және Нұрлан Нығматулиннің кәсіби әңгімесін естідім. Ол денсаулық сақтау министрлігінің, Медициналық қоғам мен ДДҰ ұстанымдарын біледі. Мен бұрышта отырып,  түсініктеме берген министр Біртанов қарағанда оның медицинада білері көп екен деген ой қалыптастырдым.

Қазақстанда денсаулық сақтау саласында кәсіби кеңес бере алатын мамандар жеткілікті.  Дәрігерлердан басқалардың барлығы індетке қатысты жағдайды талқылап, пікір білдіруде.

Аймақтық тазалаулар

— Не істеу керек?

— Әлеуметтік катаклизмдерді болдырмау үшін дамудың ортақ стратегиясын әзірлеу қажет. Президенттің дәрі-дәрмектерге қатысты мәселелерді шешу туралы тапсырмасынан кейін әкімдіктердің қызу жұмыс істеуі олардың ерекше нұсқаусыз ештеңе істегісі келмейтінін көрсетті.

Жақын арада мемлекет денсаулық сақтау мен экономиканың барлық проблемаларын жан-жақты талқылауы тиіс деп ойлаймын. Аймақтық тазалауды жүргізетін уақыт келді. Әкімдіктердің жұмысы шала. Елордада маңызды кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді.

«Стратегия» қорының таяудағы рейтингі барлық әкімдердің ұпайлары төмендегенін көрсетті. Оларға зиялы сарапшылар баға берді. Ал ақшасы мен жұмысы жоқ және дәрі-дәрмек таппай отырған халық бағаласа, нәтижесі қандай боларын елестетіп көріңізші?

Егер қазіргі мәселелердің шешу жолдарын таба алмаса, жылдың соңына қарай жағдай өте жаман болады. Ашынған халық жаппай бас көтеруі де мүмкін. Бұған әлеуметтік, тіпті ұлттық мәселелер де түткі болады. Билік ол кезде бір ғана қатаң сөгіс  беріп, құтылып кете алмайды.

Жүйелік шаралар қажет.

Мемлекетке қатысты сыни пікірлер тым көп айтылуда

Президент  дұрыс және жақсы мәселелерді көтереді, бірақ ол бүкіл елдің проблемаларын бір өзі шеше алмайды. Мұны оның әкімшілігі, министрлер мен әкімдер жасауы керек. Имидж туралы емес, экономикалық, сондай-ақ  саяси дағдарысқа себеп болған медициналық дағдарыстан шығу туралы ойлану керек. Халық билік органдарынан үмітін үзген.

Ақылға келу керек

— Әкімдер дәрі-дәрмекке қатысты проблемаларды шештік деп жаппай есеп беріп жатыр.

— Жұмыстан босатылған шенеуніктерді бірден басқа жерге жұмысқа орналастырады. Бюджет бұрынғысынша күмәнді жобаларға бөлінуде. Барлығы жағдайды билік ойда-жоқта пайда болған жемнен бас алып, ашкөздігін тыя алмайды деп қабылдайды.

Егер ауру өзі төмендеп, адамдар аздап тынышталса да, олардың табысы тез арада қалпына келтірілмейді. Сондықтан билік қатаң шешімдерді қабылдау керек.

— Осы аурумен күресте жақындарынан айырылғандар керек кезде көмек көрсете алмаған мемлекеттің қарым-қатынасын ұзақ уақыт бойы ұмытпайды.

— Мәселе жүйедегі олқылықтардан туындады. Медициналық проблемаларды насихаттау аппаратының сапасыз жоспарлауы, бақылауға алынбауы барлығын ушықтырды.

Дағдарыстың басында  полиция подъездерді блоктап,  бірен-саран вирус жұқтырып, ауырғандарды ғана қорқыта алды

Енді қатаң карантин мәселесі  жағдайды тек ушықтырғаны түсінікті болғанда, биліктің барлығына адамдардың өздерін кінәләуі олардың кәсіби деңгейінен хабар береді. Мүмкін әлеуметтік байланыстарды сақтағаны, масканы кимегені және медициналық ұсыныстарды елемегені үшін де кінәлі шығар. Бірақ олар осы ұсыныстар мен талаптардың қаншалықты тез және жиі өзгергенін естеріне де алып жатқан жоқ.

Ақылға қонарлық ешнәрсе болған жоқ, жан-жақты ойланбастан түрлі пікір айтылды, кеңес берілді. Оның соңы қандай болғанын бәріміз көріп отырмыз. Егер қазір ақылға келіп, жылдың соңында  қандай жағдай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз