Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Біртановтың отставкасы: Денсаулық сақтау министрлігі барлық мүмкін қателіктерге жол берді — Әшімбаев

511
Елжан Біртанов. Сурет: primeminister.kz

Бұған дейін жұмыс барысында  көп қателік жібергені үшін бірнеше рет өткір сынға алынған еді. Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, ведомство басшысының ауысатыны айдан анық еді. Бұл тек уақытттың еншісіндегі іс болатын.

Олар неге кетті?

— Данияр, қалай ойлайсыз, Елжан Біртановтың отставкасының шын мәнінде немен байланысты? Денсаулық жағдайы ма, әлде вирус жұқтырғандар санының артуы ма? Қазақстанда  денсаулық сақтау министрі бірінші рет өз бетімен отставкаға кетіп отыр.

— Неге бірінші рет? Біздің денсаулық сақтау министрлері де түрлі себеппен жұмыстан кетті.

Өз уақытында Қазақстанның бірінші Денсаулық сақтау министрі Ақсултан Аманбаев Мұхтар Әлиевті хирургия институтының директоры қызметінен босатпақ болған кезде 1992 жылы қызметінен босатылды. Қала орталығындағы хирургтардың ереуілі әлі күнге дейін куәгерлердің есінде. Бұдан кейін ол тек балабақша директорылығына ғана жұмысқа орналаса алды.

Данияр Әшімбаев. Facebook-тегі жеке парақшасынан алынған сурет

Содан кейін 1992 жылдың сәуірінен 1997 жылдың қазанына дейін Денсаулық сақтау министрлігіне Василий Девятко басшылық етті. Көптеген адам оны құрметтеді, бірақ ММСҚ-ға қатысты жанжал Василий Николаевичтің мансабына балта шапты. Одан кейін республиканың денсаулық сақтау саласы, білім, мәдениет және спортпен біріккен министрлікте Төлебай Рахыпбеков ұзақ уақыт бойы жауап берді. 2000 жылдың тамыз айына дейін бірнеше ай бойы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мария Омарова болды. Ол өз мансабын ары қарай ғылыммен байланыстырды.

2000 жылдың тамызынан 2004 жылдың сәуіріне дейін денсаулық сақтау министрлігін басқарған Жақсылық Досқалиев қамауға алынды. Ал оның ізбасары Ерболат Досаев Шымкентте балалардың АИТВ жұқтыруына байланысты белгілі даудан кейін орнын босатты. Бір қызығы, дәрігерлер оның жұмысы туралы жақсы пікір білдіреді. Медициналық мафияға байланысы жоқ министр осы салаға қажетті  көптеген құжатқа қол қойды.

Карантиннен кейін билігін асыра пайдаланғандар қылмыстық жауапкершіліке тартылады

Анатолий Дерновойдың 2006-2008 жылдар аралығындағы  жұмыс кезеңі екінің бірінің есінде қалған жоқ. Салидат Қайырбекова денсаулық жағдайына байланысты қызметінен кетіп, көп ұзамай көз жұмды.

Елжан Біртанов не істеді? Менің ойымша, ол саланы құлдыратты, оған қоса, карантинді де жеңе алмады

Алайда, бұл оның отставкаға кетуінің басты себебі емес. Ол Үкімет мүшелерінің жартысына жуығына коронавирус жұқтырды. Біртановтан көп үміт күтсе де, өкінішке орай, ол бірде-бір үмітті ақтай алмады.

Ешкім аман қалмайды

— Барлық жүкті бір министрдің мойнына арқан қаншалықты дұрыс? Вирус жұқтырғандар санының бақылаудан шығуына азаматтардың өзі кінәлі емес пе? Олар дәрігерлердің барлық ұсыныстарымен кеңестеріне құлақ аспады ғой?

— Бұл мәселеде ақпараттық дұрыс жеткізілмеуі де қатты әсер етті. Бұл туралы жақында әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуова жазды. COVID-19 Қазақстанға енгеннен кейін, олар бірден адамдарды қорқыта бастады. Коронавирустың соңы тек өлім деген секілді үрейлі хабар таратты. Ешкім аурудың симптомсыз немесе жеңіл түрде өтуі мүмкін екенін, сондай-ақ емдеу процедуралары туралы түсіндіре алмады. Тек барлық арнадан ешкім аман қалмайды деп айқайладық.

Карантин кезіндегі дәрігерлердің жұмысына деген наразылық жағдайды қиындатуы мүмкін — сарапшы

Ең бастысы ТЖ режимін енгізгеннен кейін барлық медициналық мекеме жабылды.

Яғни, коронавирустан басқа ештеңемен ауырмау керек деген жасырын нұсқау болды. Жүрек аурулары, суық тию және басқа да инфекциялар жаппай жиналып, ем қабылдай алмады

Екі ай бойы еліміздегі барлық педиатриялық кабинет жабық тұрды. Ал ақыр аяғында қандай нәтижеге қол жеткіздік? Барлық анықталмаған немесе қысқа мерзімді ауру сыртқа шықты. Сондай-ақ адамдар күннің көзін көрмей, таза ауаға шықпай екі ай бойы үйде отырды.

Сондықтан, бізде іске асырылған барлық карантиндік шаралар  халықтың жалпы иммунитетінің күрт төмендеуіне алып келді.

Сонымен қатар

Өзіне не керек екенін білмеген СЭҚ-тің билігін асыра пайдаланғанын да көрдік

Медицина мәселелері бойынша, мамандыққа қатысы жоқ кез келген адам үндеу жасады. Медициналық ҒЗИ мен профессорлар үнсіз қалды. Әкімдердің орынбасары мен бухгалтерияда жұмыс тәжірибесі бар СЭҚ бас дәрігерлері мамандарға қарағанда көбірек білетіндей көрінді.

Жаңа министр — жаңа талпыныстар

— Біз бұған дейін де Денсаулық сақтау министрлігі басшысының біліктілігі туралы сұхбаттасқан едік.

— Иә-иә. Педиатриялық факультеттердің жабылуы да, инфекционисттердің қысқаруы да, медициналық мекемелерді жаппай жекешелендіруі де  проблеманы шиеленістірді. Яғни, ел өмірінің ең қиын кезеңінде шешімді медицина мамандары емес, мемлекеттік сатып алу және қаржы жөніндегі сарапшылар қабылдады.

Мен бірнеше рет айтқан әкімшілік желігу 2020 жылы тамаша көтрінс тапты. Денсаулық сақтау министрлігі барлық мүмкін болған қателіктерді жіберді.

Карантин басталғаннан кейін бір айдан соң, яғни сәуір айында шаралардың тым қатаң және жағдайдың нашарлайтыны белгілі болды. Негізі халыққа қалыпты медициналық қызмет көрсетуге болатын еді. Бірақ бұндай ештеңе жасалған жоқ. Сондықтан, қазіргі коронавирустан басқа, барлық басқа аурудың өршуі дұрыс жоспарланбаған карантиндік шаралардың тікелей нәтижесі. Бұл Біртановтың командасы жүргізуге тырысқан реформалардың логикалық салдары.

— Ол жалғыз кетті, ал командасы қалды емес пе?

—Рокировкалар болады. Жаңа министр Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының бас дәрігері мен директоры болып жұмыс істеген. Соңғы жылдары денсаулық сақтау министрлігі басшылығы құрамында дәрігерлер мен бас дәрігерлермен жұмыс істеу тәжірибесі бар қызметкерлер азайып кетті. Лязат Ақтаеваның  мамандығы бойынша қандай да бір жұмыс тәжірибесі бар еді, ол да вице-министр қызметінен кетті.

Жаңа министр Алексей Цой, Президенттің Іс Басқармасының Медициналық орталығын екі рет басқарды, онда пациенттер неғұрлым талапшыл, кездейсоқ қатерліктерге бейжай қарамайд

Ол төменгі құрылымдарда жұмыс істеп, жоғары лауазымға қалай келуге болатынын көрсетті.

Айтпақшы, бұл Президенттің Іс басқармасындағы қызметкер сайланған бірінші жағдай емес. Шымкент қаласында жанжал болған кезде, президент іс басқармасынан Мұрат Айтенов әкім қызметіне келді. Дағдарысқа қарсы кадрлардың көзі ретінде басқарудың беделі туралы батыл айтуға болатын басқа да мысалдар бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз