Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантиннен кейін билігін асыра пайдаланғандар қылмыстық жауапкершіліке тартылады

209
Данияр Әшімбаев, Сурет: Ж. Құспанов

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыздағы мәлімдемесі экономика мен халықты қолдау бойынша мемлекеттің іс-әирекеті мен жоспарына қатысты барлық мәселені анықтап берді.

Президент бұрын банктерге қажет кезде қолдау көрсетттік, енді ел басына күн туған сәтте олар да тиісті жауап қатуы керек екенін айтты

Билік банктермен келіскенше, шұғыл шаралар қабылдауға арналған ақша барлық қол жетімді көзден, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынады. Данияр Әшімбаев осылай қаражат жинау әрекеттері қаншалықты тиімді болатынын айтып берді.

Карантиннің уақытын соза ма?

— Ең алдымен бір мәселе қызықтырады. Президенттің мәлімдемесінен карантин мерзімінің созылатынын аңғаруға болады. Араға уақыт салып енгізілетін шаралар туралы тым көп айтылды. Бұл туралы не ойлайсыз?

— Түрлі болжамдар айтылуда. Дегенмен, ең алдымен  қандай жұмыс атқарылды және  қазір  қандай жұмыс атқарылып жатыр деген сұрақтарға жауап берейік.

Жақында Қазақстанда ауру ошағына қарай, қанша адамның вирус жұқтырғаны туралы мәлімет жарияланды. Біреу зарарланған адаммен бірге келген, басқалары олармен қарым-қатынаста болға. Бірақ кімнен және қайдан ауру жұқтырғаны түсініксіз топ та бар. Сондықтан статистикаға өте сене бермеймін.

Батыста індет жұқтырғандар санының көп болуы медицинаның жай-күйінің нашарлығы туралы ғана емес, сонымен қатар коронавируспен ауыратын науқастардың қатарында пневмониямен, асқынған бронхитпен, туберкулезбен ауыратындарды жаза бастағаны туралы да айтылды.

Барлығы өткен жылдың соңында Алматыда қазіргі коронавирусқа ұқсас белгілері бар тұмау тарағанын біледі

Бірнеше күн бойы адамдардың температурасы көтеріліп, оны ешқандай дәрі түсіре алмады. Дәрігерлер диагноз қойған жоқ, жедел жәрдем де оларды ауруханаға жатқызбады.

Денсаулық сақтау қызметкерлері белгілі бір фактілер жиынтығына сараптамалық баға бермеді. Бұл туралы эпидемиологтар, микробиологтар және вирусологтар да жақ ашпады. Оның үстіне, көп жағдайда коронавирустың өзі ақпараттық-саяси феномен екені анық.

Кейбіреулер аурудың таралғанын пайдаланып, қоғамдық ойға әсер етіп отыр. Сондықтан қандай да бір болжам жасау өте қиын. Карантин ресми түрде аяқталысымен, халық бірден көшеге шығып, қолды жуып, бетперде киюді тоқтатады. Бұл шартты түрде айтқанда, екінші және тіпті үшінші толқынға әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық факторларды ескере отырып, карантин кем дегенде бір айға ұзартылатын болады.

Заң бойынша ТЖ қатысты шектеулер тек екі айға енгізілетін болса да,
оны қайта енгізуге ешкім кедергі бола алмайды

Парламент те каникулға шыққан жоқ, олар жұмыс істеп жатыр. Қажет болған жағдайда заңнамаға өзгеріс енгізу оңай жұмыс. Сондықтан карантиннің мерзімін ешкім анықтай алмайды.

Үш кезеңдік шара

— Қасым-Жомарт Тоқаев осымен бірнеше рет мәлімдеме жасады. Ең бірінші рет қажет болған жағдайда ТЖ режимінің мерзімін ары қарай созамыз деп нақты айтқан еді. Алайда оның қазіргі мәлімдемелерінің тақырыбы басқа

— Соңғы уақытта президент үш рет халық алдында мәлімделе жасады. Бірінші мәлімдемесі  санитарлық шараларды күшейту жөнінде болды. Екінші мәлімдемесінде ол мемлекеттік комиссияның отырысында әлеуметтік шаралар қабылдау туралы айтты. Әрине, бәрі қамтымады. Шағын және орта бизнестің қызмет ету мәселесі өршіп тұрғанда, 31 наурызда үшінші мәрте халық алдына шықты. Бизнеске, жұмыспен қамту бағдарламаларына, әлеуметтік бағдарламаларға және т.б. көмек көрсету бойынша шаралар топтамасы кеңейтілді.

Қазіргі кезде мемлекет мәселелерді туындауына қарай шешіп жатқаны түсінікті

Алдымен медициналық сала — ірі қалаларда карантин және төтенше жағдай енгізіледі. Екіншіден, бұл қалаларды жабдықтау проблемалары шешілуде. Үшіншіден, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Содан кейін салық жүйесіндегі бизнестің қызмет ету мәселелері пайда болады.

Негізгі өнімдер бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен мемлекеттік резервтерде белгілі бір қорлар бар. Бірақ нақты қор мен және құнды қағаздардың арақатынасы бізге белгісіз.

Дезинфекциялаудың жүргізілу тәртібінде де көптеген мәселелер бар. Көшелердің, аулалар және үйлердің кіреберістерінің 100 пайыз қамтылып жатқаны туралы баяндалды. Бірақ біз үйде  бәрін көріп отырмыз ғой. Сондықтан орындаушылар мен әкімшіліктің статистиканы бұрмалауына қатысты ерте ме, кеш пе шу шығатыны анық.

Аз қамтылған отбасыларға көмек

— Президент мұқтаж жандарға ең қажетті  азық-түлік пен тұрмыстық заттардың жиынтығын дайындауды тапсырды. Кейіннен оларды ақшалай эквивалентке ауыстыру туралы шешім қабылдады. Бұл жұмысынан айырылғандар мен жұмыссыз қалғандарға берілетін 42 500 теңгеден бөлек беріле ме?

— Мемлекет азық-түліктің белгілі бір қоры бар екенін түсінеді, сондықтан да азық-түлік жиынтығын енгізді. Енді жабдықтау жүйесін қалпына келтіріп, адамдар өздеріне қажеттісін таңдап сатып алу үшін уақыт қажет. Сондықтан бәрі түсінікті.

Сондай-ақ маскалар мен антисептиктерге қатысты жағдай да толғандырады. Барлық кәсіпорындар 200 пайыздық жүктемемен жұмыс істейтінін айтып жатыр, бірақ жағдай өзгерген жоқ. Сондай-ақ азық-түліктің бағасын тұрақты деңгейде сақтаймыз деп жарияланған барлық шара да орындалып жатқан жоқ. Біз белгілі бір тауарларды жеткізуде  іркіліс болып жатқынан көріп отырмыз. Қазірдің өзінгде дәрі-дәрмектердің белгілі бір түрлері мен медициналық жабдықтар да жетіспейді.

Сондықтан статистикалық сандар мен нақты жағдайдың айырмашылығын көріп отырмыз. Барлығы мемлекетке аса үлкен үміт артуға болмайтынын түсінеді

Карантиннен кейін қасақана әрекет еткендер мен билігін асыра пайдаланғандарға қатысты көптеген қылмыстық іс көтеріледі. Біздің мемлекеттік аппарат ең болмағанда ТЖ жағдайында  жақсы үйлесімді жұмыс істей алады деп күтудің қажеті жоқ. Бірнеше ай бұрын біз сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік аппараттың тиімсіздігі мен  жауапсыздығы туралы айттық. Ендігі жерде барлығының жауапты жұмысқа тату-тәтті кіріскенін елестету қиын.

Осы күнге дейін күн тәртібіндегі Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу проблемасы шешілмеген. Тіпті емханалар да карантинге жабылды. Бір қарағанда денсаулық сақтау мекемелері жұмыс істеуі керек еді, бірақ осындай қарбалас кезеңде олар да жабылып жатыр.

Соңғы жылдары білім беру мен денсаулық сақтау салаларына реформа жасалатыны туралы айтқан. Алайда мемлекет өмірінің карантиндік үлгісіне денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру және медициналық сақтандыру шаралары қаншалықты үйлеседі?

2019 жылы италиялық және испандық денсаулық сақтау жүйелері ең үздік деп танылған еді

Олардың бүгінде қандай жағдайға тап болғанын көріп отырмыз. Сондықтан елде қазіргідей жағдай  орын алғанда денсаулық сақтау саласындағы реформаның қаншылықты маңызы бар деген сұрақ туындайды.

Медицина мен ғылым

— Біздің билік денсаулық сақтау саласына реформа жасау мәселесін әлі күнге дейін күн тәртібінен алған жоқ. Жекешелендіруді аяқтап үлгермеді.

— Үлгерді. ҒЗИ, темір жол ауруханалары жекешелендірілді.  2019 жылы Алматыда балалар стоматологиясын да қандай шу көтеріп жекешелендіріп алғаны да белгілі

Қазір іргелі зерттеулер туралы мәселе бар

Жақында ғана президент Ұлттық биотехнология орталығына барып, оған қазақстандық вакцина әзірлеуге уәде берді

Ал елдегі медицина ғылымының сондай вакцина шығара алатыны туралы нақты мәліметтер қайда бар?

Тағы бір өзекті мәселе — жаңа оқу тоқсанының жақындауы. Сондықтан білім беру жүйесі мен жұмыс істеуі күн тәртібінде тұр. Министрлік бұрынғыларын аяқтамай жатып, көптеген жаңа реформа жасауға құмар. Қашықтықтан білім беру сапасы қазір басталмастан бұрын сынға ілігіп жатыр. Ешкімнің тәжірибесі жоқ, сондықтан қашықтықтан оқытуға қатысты  пікірталастар аяқталар емес.

Банктік лобби

Қалай ойлайсыз, банктер Президенттің айтқанын орындап, конструктивизм, азаматтық жауапкершілік пен ынтымақтастық таныта ма? Әлде мемлекетке   қосымша директивті шаралар қабылдауға тура келе ме?

— Менің ойымша, соңғы бірнеше аптаның ішінде әкімшілік, үкімет, қаржы реттеушілері мен банктік лобби арасында осы мәселелер бойынша консультациялар жүргізілді. Тоқаевтың мәлімдемесіне қарағанда, ымыраға келе алмады.

 Әлеуметтік желілерде көптеген адам әлі де пайыз алынып жатыр деп жазады.  Қазіргі айтылып жатқан кредиттік каникулдардың да талабы көп. Мұнда

елдегі банктік лобби ең мықтылардың бірі және оның елдің экономикалық саясатын анықтайтыны түсінікті

Банктер жылдар бойы мемлекеттік қолдау алушылардың  бірінші санатында  болды.

Ендігі жерде мемлекет басшысы олардың қалталарына қол салып отыр. Ұлттық компаниялар мен банктердің бұған қатысты жауабы көңіл қуантпайтыны түсінікті

Ешкім өзінің қаржы ағынын мемлкеттің бақылауға алғанына разы болмайды. Алайда банктерге экономиканың дамуы тәуелді болса, ұлттық компанияларға дағдарысқа қарсы шаралар тәуелді.

МӘСҚ қоры

— Президент алған қойылған міндеттерді орындау үшін мемлекет МӘСҚ қорындағы қаражатты да пайдалан алады деді. Бұл дегеніміз әлеуметтік жәрдемақыларды төлейтін әлеуметтік қор емес пе?  Әлеуметтік жәрдемақыларға не болады?

— Қазіргі жағдайда МӘСҚ алушылардың әртүрлі санаттарын қолдай отырып, өзінің дағдарысқа қарсы рөлін осылай орындайды. Мемлекет қазір бюджетті ауыстырып,  барлық мүмкін болған көздерден ақша алады.

Квазигоссордан ақша алу  терхникалық тұрғыда ұзақ үрдіс. Алдымен олардың қаржылық ағындарын мұқият тексеру керек. Ал ақша қазір қажет

Президент ұлттық компаниялар мен банктер қарқынды түрде қарсылық білдіретінін түсіне отырып, бюджетті толықтырудың барлық балама көздерін пайдаланады.

Сонда МӘСҚ-бұл жағдайда жедел ақша алу көзі болып отыр ма?

— Иә. Қазір бюджетке мұқият қарау керек. Салық түсімдерінің күрт құлдырағанын біз түсінеміз. Қалыпты жағдайда экономиканың едәуір бөлігі оңай қалпына келтіріледі. Экспорттық бағыттарды ешкім жоймады. Қытай қазақстандық шикізаттың негізгі тұтынушысы ретінде өзінің экономикалық өсуін қалпына келтіре алады.

Мұнай нарығының ірі ойыншылары, менің ойымша, мұнай бағасын да реттейді.

Шағын және орта бизнеске келетін болсақ, сол Алматыда қоғамдық тамақтану, коммуналдық-тұрмыстық, сауда және қызмет көрсету саласы тез қалпына келтіріледі. Оларда тұрақты сұраныс бар. Рас, халықтың қолындағы ақша көлемін бағалау қазір қиын, себебі көп нәрсе көлеңкеде. Өндірістің жағдайы қиын дегенмен, олар карантиннен шығып, олар біртіндеп қалпына келеді.

Сондықтан қазір экономиканы жедел қалпына келтіру перспективалары туралы айту қиын

Ең алдымен, қазір жұмысын жоғалтқан және табысы аз адамдардың мойнына түскен жүкті жеңілдету керек. Мемлекет бұл шараларды қолға алуда. Менің ойымша, жақын арада денсаулық сақтау, білім беру және жұмысқа орналастыру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты шаралардың төртінші жиыны жарияланады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз