Семейде сот медициналық ЖОО-ның 21 жастағы студентіне үкім шығарды.
«Студент өзін табысты кәсіпкер ретінде көрсеткен. Кейбір адамдарға ол қалаға дәрі-дәрмек жеткізумен, ал басқаларына ұялы телефон жеткізумен айналысатынын айтқан, —
деген № 2 қалалық сотының судьясы Нұрлан Нұралиновтың сөзі tengrinews.kz келтіреді —
Жас жігіт өз бизнесіне ақша салып, 100%-ға дейін пайда табуды ұсынған. Адамдар алдымен сақтықпен қараса да, ол алған бетінен қайтпаған. Алдымен олар оған аз мөлшерде ақша берді. Ол 7-10 күннен кейін сол ақшаны пайыздармен қайтарып отырған.
Бұл адамдардың көңілінен шыққаннан кейін, келесі жолы олар одан да көп ақша берген».
Инвесторлар жеті таңбалы соманы бере бастағанда, айыпталушы ақшаны қайтаруды тоқтатты. Студент өз кінәсін мойындады, бірақ жәбірленушілерге келтірілген залалдың барлығын өтеген жоқ Нәтижесінде айыпталушы алты жыл сегіз айға сотталды.