Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Медеу Арынбаев сахнада өзін жайсыз сезініп әнін үзуге тура келген

124

Бұл оқиға өткен сенбіде, 27 қарашада “Алтын жүрек” сыйлығының салтанатты марапаттау рәсімінде болған. Әнші сахнаға шығып, өнер көрсетіп жатқан сәтінде қозғалыссыз тұрып қалған.

Сәлден кейін сахнаға көмекшілері келіп, әншіні қолынан ұстап алып кеткен.

Әншінің арт-директоры Әсет Жұмағазиевтың айтуынша, әртіс “Құс жолы” әнін орындап жатқан кезінде қан қысымы көтеріліп, әлсіреп қалған.

“Бұл жағдай өткен сенбіде болған еді. Сол күні күн ерекше ысып кетті. Медеу ағамыз ән орындау барысында өзін жайсыз сезініп, әлсіреп қалды. Дәрігер шақырып, жарты сағаттай өткенде жағдайы тұрақтанып, кейін сахнаға қайта шығып, көрермен алдында кешірім сұрап, әнін орындап берді”, – дейді әншінің өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз