Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин оқшауланды

972
Сурет: ҚР мәжілісінің баспасөз қызметі

Палата баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәжіліс спикері қатаң карантиндік шараларды сақтаған, соңғы айда қашықтықтан жұмыс істеген, пленарлық отырысты санамағанда ешкіммен тікелей жақын қатынаста болмаған. Нұрлан Нығматулин әрбір пленарлық отырыс алдында коронавирусқа тест тапсырып келген.

Ол 9 және 11 маусымда Сенатқа қайтарылған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің жобасы бойынша  Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын.

Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін Мәжіліс спикері 16 маусымда кезекті рет тест тапсырды. Өкінішке қарай, бұл жолғы тест оң нәтиже көрсетті. Алайда ауру белгілері байқалмайды.

Бекітілген тәртіпке сәйкес, Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кету туралы шешім қабылдады.

Қазір Мәжіліс төрағасы қашықтықтан жұмыс істеуде.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз