Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
10
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Мәссаған! Ресей басы істейтін қазақ жастарын әкетіп жатыр

Бұл осы өңірдің жоғары сынып оқушыларының тең жартысы Ресейдегі жоғары оқу орындарына оқуға түсуді жоспарлап отырғанын анықтаған зерттеу дәйектейді деп хабарлады YK-news.kz.

Бұл зерттеу нәтижесін Дәулет Серікбаев атындағы Өскемен мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Жасұлан Шаймарданов облыс мәслихатының жиынында мәлім етті.

Ол 500-ден астам 10-11 сынып оқушылары мен 1200 ата-ана қатысқан әлеуметтік зерттеу жүргізілгенін айтты.

“Оның тең жартысы Қазақстаннан тыс жерде білім алмақ, ал төрттен бір бөлігі осында қалмақ, ал 25 пайызы жауап беруге қиналған. Ал кететіндердің 30 пайызы мұнда қайтып келгісі жоқ. Ал 36 пайызы жауап беруден мүдірген. Басқа елде білім алғысы келетіндердің басты себебі: грантқа түсу мүмкіндігінің болуы, мамандық бойынша тез жұмыс таба алу және кәсіби маман әзірлеудегі жоғары біліктілік” – дейді Шаймарданов.

Ресей білім беру жүйесінің ерекшелігі онда грант көп бөлінеді.

“Мысалы, 2016 жылы Ресейде 800 мың мектеп түлегіне 580 мың бюджеттік орын бөлінген. Ал Қазақстанда 27 мың абитуриент білім грантына ие болды. Бұл тегін грантқа үміткерлігін сынағандардың тең жартысынан, тіпті кем көрсеткіш,- дейді ректор.

Өскеменде, тіпті Ресейге оқуға түсу үшін арнайы даярлық орталықтары жұмыс істейді екен. Мұндай мекеме екеу: «Светоч» қайырымдылық қоры және «Перспектива» оқу-әдістемелік орталығы.

«Перспектива» орталығының директоры Наталья Астахова облыстық әкімдіктің ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, Ресейге оқуға кеткен студенттерді қайта қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатқөанын айтады.

Демограф, тарих ғылымдарының докторы Александр Алексеенко жастардың бұлайша сыртқа оқуға ағылуын “миларды торға түсіру” болып табылатынын айтады.

– Қазір Ресейде бала туу көрсеткіші күрт төмендеп кеткен. Сондықтан да оларға жастар, онда да басы істейтіндері керек. Сөйтіп олар Қазақстаннан жыл сайын “өнімді теріп әкетеді”.

Кім жақсы оқиды, орыс тілін біледі, әкете береді. Оқушыларға да жақсы, жүйкесі жұқарып ҰБТ тапсырмайды, бюджеттік оқу мен шәкіртақы дап-дайын. Бұл жағынан біздің жоғары оқу орындар бәсекелестік таныта алмай жатыр” – дейді ол.

Өскемен мемлекеттік техникалық университетінің ректоры бұл мәселені еңсеру үшін бірнеше ұсыныс жасады.

Соның бірі – университеттерге ҰБТ-дан тыс студенттерді таңдаудың балама жолын ұсыну. Сол секілді ол грантты облыстың экономикалық қажеттілігіне қарай бөлуді сұрайды. Тағы бір жолы – кәсіпорындардың өзі ұсынған грант. Кәсіпорын өзіне қажетті маманды өзі оқытып, өзі жұмысқа алады.

11

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз