Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Масқара!..”. Тағы бір инфекциялық аурухананың қорқынышты суреттері жарияланды

267

“Қызымның тамырына ине сап, дәрі тамызатын болды. Бес айлық қой. Бала деген жыбырлап, тыныш жатушы ма еді? Бізге ем керек, көндік оған. Бірақ, масқара болғанда қызымның қан тамырын таба алмай медбике әбден әуре болды. Кіп-кішкентай білегі қанталап шыға келді. Шыдамадым, катетер қояйықшы деп жалындым.

https://kaz.365info.kz/kyji-adamshoshyrlykh-zhagdajda-foto-318282

“Егер сатып алсаңыздар қойып береміз, ондай ауруханада жоқ” деп жауап берді. Ертеңінде дәрі екпейтін болған, алайда қайтадан қызымды жылатып тұрып ине сала бастады. “Күйеуім катетер сатып алып келеді, күте тұрсақ болмай ма?” дегенімде “Катетерді қою қиын, біз салмаймыз” деп қарап тұр медбике. Бұл жолы да солай болды. 15 минут бойына тамырды таба алмай, баланың білегін әбден шұқылады. Қолы көгеріп қалды.

Бөлмеде тағы бір келіншекпен бірге жаттық. Оның баласы да кішкентай. Төсекте өзімізбен бірге алып жатамыз. бірақ баланы жалғыз тастап кету мүмкін емес. Өйткені аунап, құлап кетуі мүмкін. Ал балаға арналған манеж деген атымен жоқ мұнда. Балалар ояу кезде не дәретханаға, не жуыну бөлмесіне бару мүмкін емес. Олар ұйықтап жатқан кезде кезектесіп бардық дәретханаға. Ақыры қоймай жүріп, әрең дегенде бір манеж сұрап алдық.

https://kaz.365info.kz/baribir-zhaptyram-densaulykh-ministri-khaskelendegi-auruhanaga-khatysty-malimdeme-zhasady-319418

Одан соң берген тамақтары сұмдық. Таңғы ас алып келді. Ас деген аты ғана. Нанға маргарин жағып әкелген. Оған кім тояды? Түскі асқа мүлдем сөзім жоқ. Сорпасы сылдырлаған құр су. Бірнеше картоп пен кішкентай фрикаделькалар қалқып жүр бетінде. Одан соң екінші тамағын аспаз көңілі сүйген адамға береді екен. Сұрап ішесіз, бір сөзбен айтқанда. Онда да оның ішінде бір қасық пюре мен фаршқа ұқсайтын бірдеме жүрді”, – дейді ол.

Эльмираны қатты қынжылтқаны – дәрігерлердің науқасқа жүрдім-бардым қарауы. Өзін артынан ілесіп, тықылдап қоймай қойсаң ғана дәрігер баланың жанына барады дейді ол.

“Бізге тек кешке қарай ғана ем жазып берді. Онда да дәрігерден өзім сұрап алдым. Атын жазып беріңіз дәрінің, күйеуім өзі алып келеді дедім. Бірақ оның өзіне жауап ала алмадым. Ақыры дәрігер өз жайын түсіндірді. „Бізде дәрі санаулы, оны айтсаң бәрі шулап кетеді, ал өзің әкелем десең жазып берейін„ деді. Бірақ дәрігер маған дәрінің дәмі ашты екенін, бала оны құсып жіберуі мүмкін екенін айтты. Кешке күйеуім алып келді. Дәрігер айтқандай, бала оны құсып тастады. Одан бөлек бірнеше екпе жаздыртып алдым.

https://kaz.365info.kz/mojyndap-otyr-akhtobede-darigerler-sabidin-zhylynynan-rykhsatsyz-syjykhtykh-algan-315364

Санитарлардың тазалығы жақсы. Бірақ одан пайда не? Қабырға көгеріп, шеті опырылып жатса. Бір қызығы осының бәрін көріп-біліп жүрген науқас та, осы араның жұмысы да ләм-мим демейді”, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз