Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Масқара! Әншілікке бет бұрған Жадо сынның астында қалды

146

Жадо екі жігіт, бір қызбен бірге “Жаным” деп аталатын төрттік құрған. Аталған топ алғашқы бейнебаяндарын таспалап үлгерген.

Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, Шахизада сынды өнер иелері Жадоның жаңа өнеріне қатысты сын айтты.

«Жадо, кешірім сұрайды деп күтпе!». Меруерт Түсіпбаева елден қашып кеткен бе?.. (видео)

Жадоның ән шырқауын елестете алмаған Мақпал Жүнісова оның өнерін көрмей жатып-ақ, ән айтпауын өтінді. Себебі Халық артисінің айтуынша, осы уақытқа дейін ән айтпаған адамның аяқ астынан жезтаңдай әнші болып кетуі мүмкін де емес.

“Жадо, өлең айтпай-ақ қойшы! Ол жай хобби шығар, 2-5 өлеңге фонограмма жазып, тойға шығып жүре береді. Бірақ олар жеке концерт бере алмайды, жанды дауыспен мүлде айта алмайды. Көзіме елестеп тұрған жоқ.

Мен Жадоны сыйлаймын, өз ісінің жақсы маманы екенін білемін. Сондықтан да бізге әдемі көйлектерін тігіп, әдемі келіншек болып, шалқып, өмірде жамандық көрмей жүре берсін.

Бірақ енді әншіліктің заманынан өтіп кетті ғой ол кісі. Егер де Алла берген қасиет болса, ол баяғыда ән айтып кетер еді. Сол бермегендіктен, осы уақытқа дейін жүр ғой. Жадо, сен түсінсейші. Кешірші”, – дейді Мақпал Жүнісова.

«Сүйісуге қысылып…». Ақбота Керімбекова мен Абай Бегей сезімдерін мойындады

Бұдан кейін Жадоның су жаңа бейнебаянынан үзінді көрген Халық артисі пікір білдіруден мүлде бас тартты. Жүнісова артық сөз айтып қойсам, Жадоны ренжітіп алуым мүмкін деп қорықты. Десе де, дизайнердің су жаңа өнеріне беретін бағасы төмен екенін байқатып қойды.

“Ойбай-ай, масқара. Неге олай жасады екен? Мүмкін жанында жүрген адамдар айтты ма екен? Кейде өнер адамдары сенгіш, алаңғасар болып келеді. Ақкөңіл болып кетеді”, – деген Мақпал Жүнісова Жадо бейнебаянның тұсаукесеріне шақырса, бармайтынын кесіп айтты.

Сол сияқты Мәдина Сәдуақасова да Жадоның өнеріне қатысты өз пікірін білдірді.

“Білмеймін, шын айтайын. Адам өзінің ішкі жан дүниесі нені қалайды, соны істеу керек. Ұнамады, шошытты. Мен Жадодан мұны күтпеп едім”, – деді абдырап қалған Мәдина.

Әнші Шахизада да әріптестерінің пікірін қолдайды.

«Басқа әйелмен…». Отбасылы еркектер әйелдерінің көзіне неліктен шөп салатындарын айтты

“Мен мынаны түсінбедім. Енді Жадо ханым, қазақша киініп, салт-дәстүрді сақтаған қазақи қыз. Ал енді мына өзгеріс 180 пайызға екен. Мүмкін халықты таңғалдырайын деген жоспары бар шығар.

Өте мағынасыз, түк қызықтырмайтын бейнебаяндар бар. Оны қосымша табыс деп айта алмаймын. Мүмкін Жадоның ақшасы бар екенін біліп, сол арқылы пайда тапқысы келетін адамдардың ісі шығар”, – дейді Шахизада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз