Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Жадо, кешірім сұрайды деп күтпе!”. Меруерт Түсіпбаева елден қашып кеткен бе?.. (видео)

309

Жадоның “Ел аузында” бағдарламасында айтқанына жауап ретінде Меруерт Түсіпбаеваның әлеуметтік желіде жазғанын дизайнер “арыма тиетін сөздер” деп бағалаған. Соның ішінде әнші дизайнердің сырт келбеті мен біліміне сын айтқан.

Дегенмен, Меруерт Түсіпбаева Ресейдегі шипажайлардың бірінде ем алып жатқандықтан, сотқа келмеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Судья Теміржан Кұдабаев сот тыңдауын әншінің қатысуынсыз өткізуге қаулы етті. Осыдан кейін әншінің қорғаушылары Жадоның айыптауларын негізсіз дегеннен басқа әншінің ақтап алар дәлелдер келтірмеді.

Ал Жадо өз кезегінде айыптамас бұрын Меруерт Түсіпбаева оның өмірбаянымен танысып алуы керек дегенді айтып, білімі барын дәлелдеу үшін сот процесіне мұғалімдерді ертіп келген.

“Бұл сөз менің педагогтарыма да тиді. (…) Егер мен арықтауды ойлап, жаттығу залына баратын болсам, менің жұмысшыларыма кім қарайласады? Менде жүзден аса адам еңбек етеді. (…) Бұл жерде жеке басыма тиісті деп ойлаймын. Бұл маған ауыр тиді”, – деп түсіндірді Жадо.

Жадоның сөзінше, айыпталушы сот отырысына келіп, кешірім сұрайды, осыдан кейін жанжалға нүкте қойылады деп ойлаған. Tengrinews.kz тілшісінің “Әншіні кешіруге дайынсыз ба?” деген сұрағына “Енді білмеймін” деп жауап қатты Жадо.

“Менде қоңырау шалатындай уақыт мүлде болған жоқ, адам өз сөзіне өзі жауап беруі керек деп ойлаймын. Меніңше, ол өзі қоңырау шалып: “Жаным-ау, кездесейік, мәселені шешейік деуі керек еді”. Мен осыны күттім. Өзінен болмаса да, продюсер мен директорынан”, – деп айта кетті дизайнер.

https://www.instagram.com/p/BPEs6sagn0W/?taken-by=rinat_tattibai

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз