Қызыл алаңда Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған, 9 мамырдан 24 маусымға ауыстырылған әскери шеру өтті.
Көрсетілім барысында жасалған кадр
Салтанатты шеруді Ресейлік, сонымен қатар Қытай, Үндістан, Моңғолия, Әзірбайжан, Беларусь, Армения, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан Қарулы Күштерінің түрлі әскер тектерінің жаяу парадтық топтары ашты. Қазақстан атынан 36-шы десанттық-шабуыл бригадасының әскери қызметшілері қатысты.
Көрсетілім барысынан жасалған кадр
Жаяу шерудің соңынан әскери техника өтті. Колоннаны қазіргі заманғы, аты аңызға айналған Т-34 және СУ-100 басқарды. Броньды автомобильдер, бронетранспортерлер, танктер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар, зениттік-зымыран кешендері шеруді қорытындылады.
Сурет: РИА Новости
Шеру авиациялық бөліммен аяқталды: Мәскеудің үстінен Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің әскери-көліктік және соққылы тікұшақтары, жойғыштар, шабуылдаушылар, бомбалаушылар және зымырандар ұшып өтті.
Сурет: РИА Новости