Бала атасының өмірін құтқарып қалғысы келген.
Ислам Жалғасбай пневмониямен ауырған атасына алаңдап, қолда бар құралдардан өкпені жасанды желдету аппаратын құрастырды. Ол отбасымен бірге қол қусырып отырмай, жақынының өмірі үшін соңына дейін күресті, деп хабарлайды inaktau.kz.
Отбасының туысы Рахат Тұрғановтың айтуынша, олардың 67 жастағы атасына екі жақты пневмония диагнозы қойылған. Дәрігерлер қарт адамның жасына байланысты жағымсыз болжам жасап, біраз уақыт өткен соң оны үйге алып кетіңіздер деп кеңес берген.
«Оның жағдайы айыр болды. Біз оны үйге алып келгеннен кейін, үміт үзбей соңына дейін күресеміз деп шешім қабылдадық. Менің ағамның ұлы Ислам да көмек қолын созды. Ол YouTube-тен видео көріп, ӨЖЖ аппарытын құрастырамын деп шешім қабылдады. Ол өте аңғарымпаз бала, әкесіне машинаны жөндеуге көмектеседі»,— дейді Рахат Тұрғанов.
Баланың қолымен жиналған құрылғы жұмыс істеп, атасының өмірін жеңілдетуге көмектесті.
«Ислам жасаған аппаратпен атамыздың өмірін бірнеше күнге соза алдық. Бірақ, өкінішке орай, қолдан келген нәрсенің бәрін жасауға тырысқанмен, біз одан айырылып қалдық», — дейді Рахат Тұрғанов.