Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Маңдай жақтан…”. Қарағандыда сержант тура казармада суицид жасаған (видео)

https://kaz.365info.kz/oldi-tyrgyzyndar-khorgasta-shekarashy-ayausyz-sokhkhyga-zhygyldy-332687

“Біреумен ерегескен болса , командирлері  білу керек еді.

Ал өзі мына жерінен мылтық қойып кім атады? Ауру емес,сау адам.

Қысым көрсеткен бір адам.Әйтпесе өзін өлтірмес еді”, дейді марқұмның атасы.

Қайғылы оқиға марқұм күзеткен колония жанындағы казармада, түстен кейін сағат 4 кезінде болған. Саптың соңында баспалдақпен түсіп келе жатқан сарбаз Калашников автоматының ұңғысын тура маңдайына  тақап, шүріппені басып қалған. Оқ дәріні енді алуға бара жатқан оның қаруының неге оқтаулы болғаны да жұмбақ.

https://kaz.365info.kz/shydamaj-ketti-auelbekova-kyjeui-zhajly-bar-shyndykhty-ajtyp-zhylap-zhiberdi-video-332551

“Бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды. Болған оқиғаны әскери  прокуратураға ,  Ішкі істер министрлігінің тергеу басқармасына хабарладық. Біздің әскери бөлім ұжымы сарбаздың  жақындарын қайғырып көңіл айтады”, деді 6505 әскери бөлімінің командирі.

 Немересімен жақында ғана телефонмен тілдескен  әжесі де әңгіме барысында еш күдік тумады дейді.   Тиісті сараптамалардан кейін мәйіт мырыш табытпен Шымкентке жөнелтіледі. Марқұмды сенбі күні жерлемек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз