Қарағандыда экслюзив өнер туындысы – фаберже жұмыртқасын ұрлатқан Орталық Қазақстан академиясының ректоры болып шықты.
23 миллион теңгенің әшекейлерімен қоса ұрылар ректордың үйінен 1 миллион 160 мың доллар ақшаны үптеп кеткен. Ал елді елең еткізген жұмыртқа фаберженікі емес, сол бренд бейнеленген монета болып шықты деп хабарлады КТК телеарнасы.
Ректордың үйіне түскен 3 ұры өткен айда 10 жылға дейін сотталыпты. Сұғанақтар 1 миллион 160 мыңды долларлай және талай алтын әшекейді қолды қылған. Бірақ, бұған қынжылып отырған ректор жоқ. Жеке университеті бар Бақтыбай Жүнісов, қазір бірнеше жоғарғы оқу орныменен қатар қонақүйлерді де басқарып отыр.
Бақтыбай Жүнісов, Орталық Қазақстан академиясының ректоры:
– Қонақүйлерім, кафелерім бар, оның бәрін елге жайып айта бермеймін ғой. Өзімнің тірлігім ғой. Мен ауылдың баласымын. Маған көктен ештеңе түсіп жатқан жоқ. 2 жылда ғана 30 миллион салық төлеппін, ал менің шаруашылықтарым, жаңа санасам 100 милионнан аса салық төлепті.
Айта кетелік, 2012 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен, жоғары оқу орындарын оңтайландыру шеңберінде Қарағандыда үш ЖОО базасында бірегей Орталық Қазақстан академиясы құрылған.