Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мамау, кешірші”. Талғарда баланы азаптап өлтірген келіншек бақырып жіберді

https://kaz.365info.kz/iship-algan-zhanar-dygalova-kolik-ajdap-tyrpajy-bi-biledi-video-320358

Қуыршақты жаялықпен мойнынан бұрап, төсектің иін теміріне таңып тастаған келіншек, баланы шұлықпен төсекке қалай байлағанын да көрсетіп берген. Алайда, көп ұзамай ол сөзінен таңып, тек қолынан ғана орадым деп отыр.

Десе де, сот сарапшысы баланың мойнынан қылқынып қалғанын растады. Одан басқа, мәйіттен ұрып-соққан іздер анықталған. Оны таяқтамадым деп сотта көз жасын көлдеткен келіншек бұл жолы мекемедегі сұмдықты жайып салды.

“4-5 күн бұрын денесінде дене жарақаты болды. Артындағы

көк жарақатын мен жуындырып жатқан кезде көргенмін

, оның алдында да мен тәрбиешіге айтатынмын”, деді сотталушы.

Ал ауру балаларды төсекке таңып тыныштандыруды әріптестері үйретіпті. Азапты әдістер мұнымен бітпейді екен. Жалымова жылап қоймаған балақайларға жындыхана көйлегін кигізетіндерін де айтты. Мұны естіген директордың төбе шашы тік тұрды.

“Мен істегелі бері 2 жыл болды.

“Өлім көйлегі”дегенді естімедім.

Қызметтік ережені қарауыңызға болады. Ондай бір сөз жоқ. Қайдан шығардың оны қарағым?”, деді сотталушының сөзіне таңырқаған орталықтың директоры.

https://kaz.365info.kz/myzhgyzam-akimnin-tokhaly-bolam-dep-zar-ilegen-khyzdyn-kim-ekeni-belgili-boldy-video-320436

Басшының бұл сөзін тәрбиешісі тура сот залында жоққа шығарды.

Жалпы, интернаттағы дауға байланысты тағы да іс қозғалатын болды. Ал баласын емдеуге беріп, мәйітін алып қайтқан ана күдіктіден 30 миллион теңге талап етті. Ал мемлекеттік айыптаушы болса, әйелді 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз