Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Білім реформалары оқушылардың денсаулығына кері әсерін тигізуде – маман

Елімізде дарынды балаларға арналған мектептер саны күн санап өсіп келеді. Онда білім тереңдетілген тәсілмен беріледі. Осыған қарай мұндай мектептердегі бағдарлама да күрделі.

Оның үстіне балалар түрлі гаджеттер мен компьютерлік технологияларды көп қолданады. Осының барлығы айналып келгенде балалардың көру қабілетінің нашарлауына алып келеді. Сондай-ақ осы себепке байланысты гиподинамия дамиды», – деді «Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» АҚ Астана қалалық филиалының жетекшісі Әйгерім Түлетова.

Оның сөзінше, бұл мәселеге байланысты кең ауқымды ғылыми зерттеулерді институт өкілдері бірнеше жыл бұрын жүргізген. Мамандар қандай тәсілмен білім беретін және қайда орналасқан мектептерде балалар офтальмопатология проблемаларымен кездесетіні нақтыланған.

– Білім саласы бойынша жүргізілген реформаларға сәйкес, балалар мектепке 3 жастан бастап дайындалады. Олар 3-4 жастан бастап-ақ санап, оқи бастайды. Бұрын мұндай жағдай болмаған.

Бұл үдеріс үздіксіз жалғасса жағдай барған сайын күрделене береді. Балалар тіпті мүлдем көрмей қалуы да мүмкін. Сол себепті балалар жылында кеміне екі рет офтальмологтан ақыл-кеңес алып тұрулары керек»,-деп қосты Түлетова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз