Алматыдағы сот журналист Жанболат Мамайды қамауда ұстау туралы шешімді күшінде қалдырды. Ол қылмыстық сипаттағы айыптауларға байланысты екі ай қамауда отырады. Мамайдың әріптесі Инга Иманбайдың хабарлауынша, адвокаттар журналисті қамауда ұстау туралы сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген.
Арызды қарау жабық жағдайда өтті. Сот шешімін Мамайдың адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады. Сотқа “Саяси қалам. Трибуна” газетінің бас редакторы қызметін атқарушы Жанболат Мамайды әкелмеген. Сот отырысы қарсаңында белсенділер журналиске қолдау көрсетіп, акция өткізді.
Адам құқықтарын қорғаушы бірнеше ұйым биліктен Мамайды босатуын сұрады. Қазақстанда азаматтық белсенділер оны қорғау қорын құрды.