Иә сонымен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары, сонымен қатар Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдері бірнеше мыңдаған шақырымдарды еңсеріп, ақырында Маңғыстау облысына жетті.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері оқу-жаттығу өтетін аймаққа өз беттерімен жеткен. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының барлау, танктік және артиллериялық бөлімшелерін батысқа теміржол көлігімен алып барған. Ал 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасының десанттық-шабуылдау батальоны Қапшағайдан Ақтауға әскери-көлік авиациясымен жеткізілді.
Естеріңізе салайық, кеше ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығы бойынша Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен құрамалары оқу-жаттығу дабылы бойынша көтерілген еді.
Селекторлық режимде өткен кеңес барысында «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бірқатар әскери бөлімдеріне Қазақстанның батыс өңіріне топтасу тапсырмасы берілді.
Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен.
Әскерлер батыс аймаққа жаяу және теміржол көлігімен, сондай-ақ әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен аттанған еді.
Ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына әскерлерді оқу-жаттығу өтетін орынға орналастыру және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің келіп жатқан бөлімдері мен бөлімшелерін ескере отырып, топтарды құру тапсырмасы жүктелген болатын.
Оқу-жаттығуға
Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, Арнайы операциялар күштерінің, арнайы әскерлердің, материалдық-техникалық қамтамсыз ету бөлімдері мен мекемелерінің, ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және Ұлттық ұланның 5 мыңнан астам әскери қызметшісі қатысуда.
Айта кетелік, Батыс-2018″ штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады.