Алматыда толассыз жауған қар Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісованың да есігінің алдын бөгіп қалды.
Әлеуметтік желіде қазақтың ерке қызы – әнші Мақпал Жүнісованың есік алдындағы қарды тазалап жатқан видеосы пайда болды. Онда тайсалмас қайсар жан – Мақпал Жүнісованың қолына қар күрейтін күректі алып, тыңғылықты іске кірісіп жатқанын көруге болады.
“Бүгін қар армансыз жауды, Мерейжан терезеден түсіріп алыпты” деген тақырыптағы бұл видеоны бір тәулікте 40 мың адам көрсе, бүгін оның саны 130 мыңнан асқан.
Пікір қалдырушылар жазбасы тек позитивке толы. Нәзік жандылар “Бұл деген тегін фитнес қой” деп Мақпал апайымызды бір желпіндіріп, көңілін аулауға тырысса, ерлер қауымы шынымен де ол кісіге жанашырлық танытуда.
“Қолыңыздағы күректі алып, қарға өзім кіріскім келіп тұр. Ұялып отырмын”
деп жазады бір ер адам.
https://www.instagram.com/p/BQFm2vclza1/