Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы, америкалық бапкер Бадди Макгирт BoxingNews24 басылымына берген сұхбатында отандасы Даниэл Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкинмен өткізген жекпе-жегіндегі әрекеттерін жоғары бағалады.
«Меніңше, GGG әшкере болды. Мен үнемі оған оның соққысын ұстай алатын мықты боксшы пайда болса, жұмбағы шешілетінін айтатынмын.
Осылай болды да. Мен таңғалып тұрмын», – деді Бадди Макгирт.
Айта кетейік, америкалық бапкер осыған дейін ақпан айының басында әйелдер арасында қазақстандық жалғыз кәсіпқой боксшы Фируза Шариповаға бірге жұмыс істеуді ұсынған болатын.
Еске салайық, қазақстандық боксшы 19-наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Жекпе-жек күні салмақ өлшеуден бас тартқаннан кейін Джейкобс IBF тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласу құқығынан айырылып қалған.