Алмас Кішкенбаевтың бұрынғы жары ажырасқаннан кейінгі өмірі жайлы айтты.
“Елдің барлығы болашаққа жоспарым жайлы сұрайды. Менің өмірім екіге бөлінді. Бұрын мен үнемі армандап, махаббатқа сеніп, жоспар құрып өмір сүрдім.
Айқын мақсатым болды. Ал енді оның бірі де жоқ. Тағы да өмірден көңілім қала ма деп қорқамын. Бар болғаны өмір ағысымен кете берейін деп шештім.
Қазір осылай өмір сүрген ыңғайлы. Құдайға шүкір, қыздарым, әке-шешем аман, қасымда. Сондықтан да мойымай, алға қарай ұмтылу керек”, – дейді Мөлдір Серікбаева.
Желі қолданушылары Мөлдірге қолдау көрсетті.
“Сіздің фотоларыңызды қарап шықтым. Бақытты отбасы болған екенсіздер, қалыпқа келтіруге болмайтыны өкінішті. Сізге сәттілік тілейміз”, – дейді оқырмандардың бірі.
«Не болған?..». Алмас Кішкенбаев желіде қоштасу постын жариялап, елді шулатты (фото)
“Өмір жалғасып жатыр. Қызықты, жақсылықты, махаббатты қыздарыңнан көресің”, – дейді екіншісі.
«Ақботаға не болып қалды?». Танымал әншінің шаңырағы тағы шайқалыпты