Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Маңғыстауда ата-аналар ғаламтордан жаппай бас тартып жатыр

Сүндетәли биыл бірінші сыныпқа барды. Бастапқыда мектепке барғанына қуанғанмен қазір баланың оқуға ынтасы мүлдем жоқ дейді анасы. Оған себеп, ғаламтордағы қызықтар екен. Қолы қалт етсе болды, ұялы телефонның ішіне кіріп кете жаздайды. Сондықтан анасы  үйдегі ғаламторды ажыратып, ұялы телефондағы интернетті де шектеп тастағанын айтады.

Айнұр Жұманазарова,  Ақтау қаласының тұрғыны:

– Баланың көңілі сабаққа көп бөлінбейді. Себебі, 2-3 сағат отыра берсе сол ғаламторда, ғаламтордан шыққан соң оқы десең ары қарай оқуға ынтасы болмайды. Сол себептен біз ғаламторды ажыратып тастадық.

Айнұр дұрыс шешім қабылдады,- дейді психолог маман. Жаңа оқу жылы басталғалы өңірдегі Айнұр секілді жүздеген ата-ана үйіндегі ғаламтордан бас тартыпты. Өйткені, ол уақытты бос өткізу ғана емес бала мінезіне де кері әсерін тигізеді.

 Гүлсара Қарайшықова, Психолог:

– Бала интернетке көп ойнап, соған үйренісе бергендігі әдет болып қалыптасады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек Қазақстанда13 миллионға жуық ғаламтор пайдаланушы бар екен. Бұл халықтың 80 пайызы. Оның ішінде балалар да бар. Олардың 72 пайызы оны пайдалы десе, 24  пайызы оның зиянды екенін көрсетіп отыр.

Әр адам тәулігіне кемінде 8  сағатты әлеуметтік желіге жұмсайды екен.

11135-6-kazahstanskie_psiholog_ru

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз