Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Маңғыстау облысында шенді Аяз Ата мен Ақшақар сыйлық таратты

177

Полиция капитаны марқұм Асиса Асанов жеті немересінің қуанышын көре алмаса да ұрпақтары атасының ерлігін ұмытпайды деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.

Осыдан 21 жыл бұрын аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қылмыскерлерді ұстау кезінде қапыда қаза тапқан еді. Сөйтіп, бір сəтте бір отбасы асыраушысынан айырылып қалды. Алайда, ерлікпен көз жұмған тәртіп сақшысының әріптестері марқұмның жесірі мен артында қалған үш баласын ешқашан назардан тыс қалдырған емес.

Асқар Жақсыбаев, Мұнайлы аудандық ііб басшысы:

– Тек қана жаңа жылдың кезінде емес, біздің бұл Асиса ағамыздың үйіне келетініміз, біз барлық мерекелерде 8 наурыз мерекесінде жеңгемізді алып кетеміз, мерекелік шараларға, концерттерге, полиция күні мерекесінде үлкен шараларға шақырып тұрамыз. Ешқашанда ұмытпаймыз. Біздің ІІБ өзінің үлесін қосқан азамат, білікті тергеуші болды. Қайтыс болды.

Жұпар Асанова, А.Асановтың жесірі:

– Содан бері міне, ұмытпай 20 жыл өтсе де мереке сайын біздерге осындай, өзі кетсе де көзден кетпей, ұмытпағандарына рахмет.

12 жастағы Асан Бөбекбаевта өскенде полиция қызметкері болғысы келеді. Өйткені оның да әкесі ішкі істер органында қызмет істеген. Асан 4 жасында әкесінен жетім қалды. Кейін анасы көз жұмады. Оларды бүгінде әкесінің қарындасы бауырына басып, қамқорлығына алған. Шенді азаматтар бұл отбасына да көмектесіп тұрады. Жақсы оқуға уəде еткен Асанның жаңа жылдық арманы биыл да орындалды.

Жанна Сүйіндікова, қаза тапқан тәртіп сақшысының қарындасы:

– Мынау міне, Асан, Еркінай менің ағамның баласы мен қызы. мамалары қайтыс болды 2008 жылы, солардан қалған бала. Келгендеріңізге, Аяз атаға, ішкі істер бөліміне көп-көп рахмет.

Тəртіп сақшылары əрбір адам бір-біріне қамқор, мейірімді болуы керек, сонда қылмыс та азайып, барлық адам бақытты болады дейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз