Мәскеудің солтүстік-шығысында орналасқан қойма өртеніп, болжам бойынша 17 адам қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости қаланың төтенше қызметіне сілтеме жасай отырып.
Ақпарат көзінің мәліметінше, қаза тапқандардың барлығы ТМД азаматтары.
Құрбандардың денесі ғимараттың төртінші қабатындағы жатын бөлмеден табылған.
Тағы төрт адам зардап шекті. Олар Склифосовский атындағы жедел жәрдем Институтына жеткізілді. Кейінірек олардың бірінің қайтыс болғаны белгілі болды.