Бүгін таңертең Мәскеудегі “Коломенская” метросы стансасының кіре берісінде жарылыс болды. Үш адам зардап шекті.
Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлады.
«Алдын ала болжам бойынша, метроның бұл бөлігі жабық болған, өйткені жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Жарылыс дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың газ баллонына салғырт қарауынан орын алған», – деп мәлім етті құқық қорғау органдарындағы дереккөз. Жарылыстан соң 5 шаршы метр аумақты өрт шалды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жылдам сөндірді.