Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мәскеуде мәнерлеп сырғанаушы Тұрсынбаева қысқа бағдарламада IV-орын алды

Sport-express.ru сайтының жазуынша, қысқа бағдарламада отандасымыз IV-орынды місе тұтты. Ал алдағы үш орынды да ресейліктер алған. Олар: Анна Погорилая – І-орын, ІІ-ІІІ-орындарда Елена Радионова мен олимпиада чемпионы Юлия Липницкая. Осы жағынан алғанда қазақ қызының бұл жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай.

Мәнерлеп сырғанаудан белгілі бапкер Татьяна Тарасова Элизабеттің жасын меңзей отырып, оны «кішкене қыз» деп, келешегі алда екенін айтқан.

Енді 5 қараша күні халықаралық жарыс еркін бағдарламада қайта жалғасады. Элизабет Тұрсынбаева мұз айдынына 7-інші болып өнер көрсетеді. Басталуы – сағат 22:35-те. Қазақстандық көрермендер доданы «Kazsport» арнасынан тікелей эфирден көре алады.

Еске салайық, Элизабет Тұрсынбаева ағымдағы жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиаданың қола жүлдегері. Ол сондай-ақ скрипкада, фортепианода ойнайды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз