Егемендік, тəуелсіздік алған уақыт ішінде, 27 жылда, елімізде туып, өсіп, оқып, қызметке орналасып үлгерген, қазір ел жақсыларын қудалап, тұтқындарды қинап, пара беріп өсіп, пара алып байып жатқан қазақтың жаңа, жаман буыны пайда болды.
Бүгінгі биліктің тұсында есіл уақыт зая кетті деп жатырмыз. Осыған қарап не дейміз? Заяға емес, зиянға кеткен уақыт!
Мəңгүрт, мақұлық хайуан ұрпақ өсіп, билікке жармаса бастады. Мұны не қыламыз?
Айтқан сөзге құлақ аспайтын, уəжге тоқтамайтын, айғақ пен дəлелге ден қоймайтын, асқазанмен, көтенмен ғана ойлайтын жаңа қазақ буыны жоғарыға көтеріліп келеді. Олардан қалай құтыламыз?
Ақан Жақып
Фейсбук парақшасынан