Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мұндай да бола ма? Ақтауда ересектерге арналған балабақша ашылыпты

«Қазір біз 90-жылдары дүниеге келгендердің ата-ана болып жатқандарын көріп отырмыз. Кезінде олардың ата-анасы бар уақытын жұмысқа жұмсап, балаларын үйде жалғыз қалдырып кетулеріне тура келді. Сондықтан да қазір олар өздерінің балаларымен ойнай да алмайды. Баламен қалай сөйлесу керектігін де білмей жатады. Біздің балабақша қайта балалық шаққа оралғысы келетіндерге көмектесуге дайын. Біздің келушілер кез келген күйзелістен емделе алады деп сенеміз», — деді Ирина Хохлова.

Айта кетейік, балабақшаға келетін ересектер музыка, би үйірмелеріне қатысып, күніне екі рет тамақтанады.

Сонымен қатар, болашақта осы балабақшада егде жастағы адамдарға да топтарды ашу жоспарланып отыр екен.

«Балабақшаға келушілерге жас ерекшелігіне байланысты ешқандай шектеу жоқ: 20 жастан жоғары адамдар келе алады. Сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейтін боламыз. Ал егде жастағы адамдар біздің балабақшаға келеміз десе, оларды қабылдауға дайынбыз», — деді Ирина Хохлова.

1b141efc3927933765966764c344f0d1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз