Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мүлікті жария етудің мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды

Бүгінгі күнге барлығы 5 360,7 млн теңге мүліктің құны жария етілді, оның ішінде: ҚР аумағындағы мүлік бойынша 506 объекті және сомасы 5 286,8 млн теңгеге, ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша 3 объекті және сомасы 73,9 млн теңгеге жария етілді;

Мүлікті жария ету мен кепілдіктерді қамтамасыз ету процесін құқық қорғау органдары тарапынан заңсыз қудалаудан қорғау жағы қарастырылған.

Қазақстан азаматтарына, оралмандарға және Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы заңына сәйкес ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, ҚР Заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамдарға рәсімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен бөлігінен басқа), ҚР аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар), ҚР аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Жария ететін ақша сомасын, екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай– жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады. Бұл ретте алым мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиіс.

Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға сәйкес енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.

Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе ағымдағы шоттан ақшаны салмай, жария етілетін ақшаның сомасынан – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.

Қазақстан аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

Жария ету субъектісіне немесе басқа тұлғаға құқығы ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы, сол сияқты одан тыс жерлерде орналасқан мүлік бойынша декларативтік түрде, тиісті комиссиясыз мемлекеттік кірістер органдарында өткізеді.

Мүлікті жария ету туралы декларация – жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген жағдайларда мемлекеттік кіріс органдарына қағаз жеткізгіште декларациясы тапсырады.

«Жария ету субъектілері арнайы декларацияны мемлекеттік кіріс органына:

1) келу тәртібімен;

2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы ұсынуға құқылы.

Арнайы декларацияны тапсыру тәсіліне қарай:

1) келу тәртібімен – мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны алған күн;
2) пошта арқылы – мемлекеттік кіріс органының пошталық хат-хабарды қабылдағаны туралы белгі қойылған күн мемлекеттік кіріс органына ұсынған күн болып табылады.

Бұл ретте жария ету субъектісі осы Заңда белгіленген арнайы декларацияны тапсыру тәртібін, шарттарын және мерзімдерін, сондай-ақ жария етілетін мүлікке қойылатын талаптарды сақтамаған жағдайда мемлекеттік кіріс органы себебін көрсете отырып, арнайы декларацияны қабылдаудан жазбаша бас тартуды арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

Мемлекеттік кіріс органы жария ету субъектісіне жазбаша бас тартуды жібермеген жағдайда арнайы декларация қабылданған болып саналады.

Жария ету субъектілері үшін кепілдік беру бөлігінде құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен қосымша қорғау бөлігінде қылмыстық заңнаманың нормаларын нақтылау және қатаңдату көзделген.

Қазақстан аумағында тұрған жылжымайтын мүлікті жария ету өткізу Атырау қаласы әкімдігі жүргізеді.

Ақшаны жария ету ұйымдастыру және жүргізу екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық пошта операторы, Ұлттық Банк.

Қазақстан аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі, құнды қағадарды жария ету өткізуді Мемлекеттік кірістер органы жүргізеді. Осы жөнінде сұрақтармен Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарласуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз