Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мұхамедиұлы Кенесарының бас сүйегін қайтаруға жең түріп, кірісіп жатыр

144

Кенесары Қасымов – Абылай ханның немересі, чингизидтер тұқымынан. 1802 жылы туған. Қазақ хандығының соңғы ханы. 1841 жылы ол ақ киізге отырғызылып, хан сайланады. 1837-1846 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Ресей империясының қыспағына, Қоқан мен Хиуа хандықтарының озбырлығына қарсы тұрған қолбасшы. Дегенмен, 1847 жылы Кенесары хан сатқындардың қолынан қаза тауып, қазіргі Қырғызстан жерінде денесі жерленген, ал бассүйегі Ресей империясына Омбыға жөнелтілген.

Оның мүрдесін іздеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда. Бір нұсқа бойынша, оның бас сүйегі 1930 жылдарға дейін Омбы қаласында болған, оның одан кейінгі тағдыры құпия қалып отыр.

Айта кетейік, Кейкі батырдың бас сүйегі бүгін таңертең Мәскеуден арнайы бортпен елордаға жеткізілетінін естіген жұрт Астанадағы халықаралық әуежайға жиналған болатын. Алайда, бас сүйекті жиналған қауым салтанатты түрде қарсы ала алмағанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз