Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мүгедек адамды 3 сағат күттіріп қойған. ЦОН-да қайтыс болған адамның қызы бәрін айтып берді

59 жастағы азаматтың мәйітін үй-іші оңтүстіктің Шардара ауылына жерлеуге алып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Айта кетелік, Халыққа қызмет көрсету орталығында қаза тапқан азаматтың оқиғасына қатысты түрлі ақпарат беріліп еді. Енді нақты мән-жайды қасында болған қызы айтып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысынан 10 жыл бұрын Алматы маңындағы Байсерке ауылына көшіп барған азамат отбасына үй салып беруді жоспарлап жүрген екен. Алайда оның бұл арманы орындалмай, ер адам мезгілсіз қайтыс болды.

Қонысбек уақытша тіркелу туралы ести салысымен, Халыққа қызмет көрсету орталығына ұлын тіркеу үшін жолға шыққан. Қасына ұлы мен келінін ертіп барған азамат үйіне табытпен оралды.

“Әкем, аяғы жоқ мүгедек еді. Оны кезексіз жіберуі тиіс болатын, ол кезекте тұра алатындай күйде емес еді. Қан қысымы көтеріліп, басы айналған. Сыртқа шыға салысымен, есінен танды. Жедел жәрдем көп уақыттан кейін кешігіп келді”, – дейді Индира.

Индира әкесінің Халыққа қызмет көрсету орталығында 3 сағаттан артық уақыт жүргенін, талонға кезекке тұрғаннан кейін жағдайы нашарлап кеткенін айтуда.

Қалай дегенмен де ол бұл істі жылы жауып қоюға жол бермейді, кінәлілерді табуға барын салатынын айтады.

Қонысбек Сәлімбаевты жұма күні жерлейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз