Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Мә, ендеше!”. Қызғаншақ қыз жігітінің ұятты жерін орақпен орып, жоқ қылды

211

20 жастағы бойжеткен жігітін түнеуге үйіне шақырған. Төсекке жатқан соң ол жігітінің көзін шүберекпен байлап, қолына орақ алыпты, оның төменгі жағын орып жібереді деп жазады The Daily Mail.

Қансыраған жігіт үйіне жетіп құлаған. Оны әке-шешесі тауып алып, бірден ауруханаға жеткізген. Бірақ болған жайт туралы жігіт ешкімге тіс жармаған. Ал дәрігерлерге мұны өзім жасадым депті.

Көрші тұратын қыз бен жігіт бір-бірін ұнатып, жүріп жүргендеріне 4 жыл болыпты. Алайда кастаға байланысты шектеу екеуінің отбасы құруына жол бермеген. Ақырында жігіт өзінің әлеуметтік жағдайына тең келетін қызға үйленбек болып шешеді. Сол кезде қыз кек алуды жоспарға алады.

Бүгіндері адам өміріне қатер төндірді деген айыппен қыз қамауға алынған. Одан орақ пен кесілген дене бөлшегі табылған. Дәрігерлер оны орнына қайта тігу мүмкін еместігін айтады.

Бұл – соңғы жылдары осы қалада тіркелген екінші оқиға. 2016 жылдың ақпан айында 30 жастағы келіншек өзін зорламақ болған 22 жастағы қайнысының төменгі дене мүшесін кесіп алған. Кейіннен бозбала асылып, көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз