Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұлты өзге біреу «өлтіріп кетемін» деп қорқытып жүр. Көмектесіңдерші…

101

«Мен «Бірінші Алматы» жақта пәтер жалдап тұрамын, – дейді Ж.Құршанева. – Үй жақтағы дүкеннен керек -жарағымды сатып алып жүретінмін. Дүкеннің қожайыны анда-санда әдемісің деп тиісетін. Бір күні автобустан түсіп, үйге келе жатқанымда ол алдымнан шықты.

«Менімен жүр, жайлы пәтер көрсетемін», – деді.

Мен: «Керек емес, пәтерім бар ғой, үйге келе жатырмын», – деп өте бергенімде ол мені соққыға жығып кетті. Мен «102»-ге «звондап», оның үстінен полицияға арыз жаздым. Ол менен кешірім сұрап, арызымды қайтып алу үшін 400 мың теңге берді. Мен сосын оны кешіріп, арызымды қайтып алдым. Ал оның берген ақшасына 170 мың теңге қосып, «Барахолкадағы» саудамды жалғастыра бердім. Кейін пәтер тауып, сол жаққа қарай көшіп кеткенмін.

Жақында сол кісі басыма пистолет тақап қорқытып, 570 мың теңгем мен мойнымдағы тросымды, неке жүзігімді тартып әкетті. Мен қайтадан арыздандым, прокуратураға да жазып жатырмын. Бірақ одан әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Ал әлгі қарақшы: «Арыз жаза бер, одан саған пайда жоқ. Мен сенің қай жерде тұратыныңды біліп алдым. Үйіңе бомба қойып, өлтіріп кетемін», – деп қорқытып жүр. Енді мен не істеймін?» .

Осылай деген Ж.Құршанева бұл жөнінде газетімізде жазуды өтінді.

«Құқық қорғау орындары бұл жөнінде біліп, зомбылық жасаушыны жөнге салса, мені қорғаса екен», – дейді ол. 

Дереккөз: zamana.kz

Автор: Г. Әшірбекова

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз