ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Ұлттық пантеон құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейтіндігін мәлімдеді.
– Пантеонға ақша жоқ. Бұл мақсатта ешқандай ақша қарастырылған емес. Сіздерге осы жылдың бюджетіне құрылыс жүргізуге қаржы қарастырылмағандығын айта аламын. Келесі жылға да қаржы бөлу ойластырылмаған, – деді ол бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі отырысы аясында БАҚ өкілдеріне.
«Қазіргі таңда аталған мәселенің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Оған қатысты әлі де бірдеңе айту ертерек. Соған қарағанда, бұл тек сараптамалық бағалау ғана, біз әлі құжаттаманы қараған емеспіз», — деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 19-мамырдағы Үкіметтегі республикалық бюджет талқысынан кейінгі БАҚ-қа берген сұбатында.
Оның айтуынша, бұл мәселе Астана қалалық әкімдігінде талқыланған болуы мүмкін, алайда министрлікке пантеон құрылысының құны көрсетілген құжаттар келіп түспеген.