Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Министр Жұмағұловтың кәсіби біліктілігі мен тәжірибесіне тоқталып, оны жұмыс барысында тиімді пайдаланатынына сенім білдірді.

Жұмағұлов бұған дейін “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарып келді. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Экономика және менеджмент” мамандығы, 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын экономика магистрі дәрежесі бойынша бойынша бітірген. Еңбек жолын банк саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Зерттеулер және статистика департаментінің бас талдаушысы болып бастаған.

Түрлі уақыттарда “Банк Центр Кредит” АҚ Қазынашылық департаменті директоры және “BCC-Invest” АҚ (“Банк Центр Кредит” ААҚ еншілес инвестициялық бөлімшесі) басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген, онда қор басқармасы мен банк қаржысы, қазынашылық және сауда операцияларына жетекшілік етті. Банк және инвестиция салаларында жұмыс істеумен қатар, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде Базалық салалар департаментінің директоры болған. “Бәйтерек” ҰБХ АҚ Бас директоры лауазымын атқарды және “ҚазЭкспортГарант” Экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы” АҚ Директорлар кеңесін басқарды, сондай-ақ, «Қазына Капитал Менеджмент” АҚ, “Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры” АҚ, “Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік” АҚ және “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ директорлар кеңесінің құрамында болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз