Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Мектеп формасын тігу мәселесі бойынша жеңіл өнеркәсіп кластерін құру ұсынылды

Кәсіпкерлер палатасы жүргізген мониторинг қорытындылары бойынша, соңғы екі жылда 734 мектептің ішінде 684-і бірыңғай мектеп формасын енгізді. Биылғы оқу жылында оларға тағы 30 мектеп қосылады. Міндетті мектеп формасымен барлығы 306 мыңнан астам оқушы қамтылды.

– 2014-2015 жылдары мектеп киімінің бағасы 5000-нан 12000 теңгеге  дейін құраған. 2015-2016 жылдары – 9000-11500 теңге арасында болды. Ата-аналардың пікірінше, негізгі проблема матаның сапасы мен түсіне қатысты болып отыр, себебі бірінші жуғаннан кейін мектеп формасы бастапқы түрін жоғалтады, – деп атап өтті облыстық Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқан.

Осы себеппен көптеген оқу мекемелері мектеп киіміне тапсырысты «Ажар», «GLASMAN», «Сымбат» сияқты ірі тігін фабрикаларына береді, себебі шағын бизнестің бүкіл мектеп үшін киім тігуге технологиялық мүмкіндіктері жеткіліксіз.

Осыған байланысты, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның пікірінше, облыс өндірістік кластерді құруға мұқтаж болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз