Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ұлттық банк теңгенің аяқ-асты құнсыздануын түсіндірді

Ол айырбастау бағамына нешеме түрлі факторлар, оның ішінде, ең алдымен, мұнай бағасы және сауда-саттықта қоян-қолтық араласатын әріптес елдердің валютасындағы өзгеріс қатты әсер ететінін айтады. Теңге неге арзандады?

– Сонымен қатар, теңгеге ішкі факторлар да, атап айтқанда, нарыққа қатысушылардың іс-әрекеті, бюджет қаражатының қозғалысы, салық төлемдерінің кезеңі және соңғы кездері доллардан арылу сынды құбылыс та ықпал етеді, – деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

Ұлттық банктегілер шілде айында мұнай бағасы төмендеп отырғанын баса айтты.

„Оған мұнай өнімдері нарығындағы ұсыныс көлемінің өсуі, АҚШ-тағы мұнайдың жеткілікті қоры туралы деректердің жариялануы, сондай-ақ АҚШ-тағы бұрғылау ұңғымалары санының ұлғаюы сынды жағдайлар себепші болды.

Соңғы кезде мұнай бағасының өзгеруі рубльді де қалтыратты. Бірақ рубль АҚШ долларына шаққандағы құны мұнай бағасының құлдырауы кезінде ғана төмендеді”, – деп толықтырды өз сөзін Мұхамеджанов.

Осылайша, оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген факторлар салдарынан 2016 жылғы 26-шілдеде Қазақстан қор биржасында теңгенің америкалық валютаға шаққандағы құны 350,2 деңгейге дейін әлсіреді.

Еске салсақ, ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының 26-шілдедегі күндізгі саудасында 1 долларға шаққанда 351,02 теңгеге тең болып, 7 теңгеге әлсіреген болатын. Бүгін ақша айырбастау орындарында доллар тағы қымбаттады. Ол кеше 359 теңгеден саудаланса, бүгін сатылым құны 361 теңгені көрсетіп тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз