Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ұлттық банк отандық қос банктің арасындағы келіссөзге қатысты мәлімдеме жасады

Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық банк қос банк арасында келіссөздердің басталғандығы туралы банктердің менджменті мен акционері тарабынан хабар алды. Қаржы нарықтарындағы жаһанданудың жалғасуы және интеграциялық процестердің күшеюі жағдайында банк секторының шоғырлану тенденциясы көптеген елге, оның ішінде Қазақстанға да тән», – деді ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

Оның айтуынша, бұл мәміле нақты жүзеге асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктің келісімін алуы тиіс. Бұл ретте Ұлттық банк банктердің барлық депозиттері мен кредиторларының мүдделерін қорғай алатын, сонымен бірге банк бизнесін тұрақты дамытуға қаржысы бар ірі акционерлерге ғана келісім береді.

«Сондай-ақ қазақстандық заңнамаға сәйкес, «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен «Қазкоммерцбанкі» АҚ талқылап отырған мәміленің уақытша шектеуі жоқ екендігіне де назар аудару қажет», – деп атап өтті Смоляков.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз