Ливияда «Бенгази қорғаныс бригадасы» деген атпен танылған қарулы топ Ливия ұлттық армиясының бақылауындағы екі мұнай терминалын басып алды.
Бұл мұнай өндіру орны ұлттық армия қолына қыркүйек айында тиген болатын деп хабарлады “Хабар-24” телеарнасы.
Айта кету керек, Ливиядағы ахуал 2011 жылғы азаматтық соғыстан кейін оңалмай тұр. Сол кездегі президент Муаммар Каддафидің өлімінен кейін ел арасына жік түсіп екіге бөлінген. Бүгінде БҰҰ Ливияның заңды билігі ретінде Ұлттық бірлік үкіметін мойындады. Дегенмен іс жүзінде ол үкімет Триполидің маңайын ғана басқарады.